ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Театрдың ғажайып әлемі» атты байқау өтті. Оған аудандар мен қалалардан келген 16 театр ұжымы, жүзден аса әртіс қатысты.

РКС: «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат: өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, балалар шығармашылығын қолдау, өнерлі жастарды анықтау және қабілеттерін ашуға қолдау білдіру.

СНХ: АЙГҮЛ АХМЕТЖАНОВА, «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Жыл сайын өтетін республикалық байқаудың облыстық кезеңі. «Театрдың ғажайып әлемі» деген байқау. Жыл сайын байқау қатысушылары көбейіп жатыр. Биыл берген өтінім бойынша 16 ұжыми, оның ішінде 107 бала. Байқау 3 номинация бойынша өтеді. Драмалық спектакль, қуыршақ қойылымы және әдеби-музыкалық спектакль.

РКС: Байқауға Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды, Целиноград, Есіл, Сандықтау, Жақсы аудандары мен Астана, Қосшы қалаларынан 16 театр ұжымы, яғни, 8-17 жас аралығындағы 107 оқушы қатысты. Біреулер трагедиялық спектакль дайындаса, енді бірінің таңдауы комедия жанрына түскен. Сахна төріне шыққан әр ұжым 20 минут ішінде өнерлерін паш етіп, қойылымды ойдағыдай ойнап шығуға тырысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Байқауға қатысушылардың бірі Ақкөл қаласы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Әрекет» театр студиясы. Аталмыш ұжым осыған дейін де осы фестивальге қатысып, талай рет жүлделі орындарды қанжығалаған. Бұл жолы Айсұлу Ақжолтайдың «Қақпанның ақылы» атты туындысын сахналамақшы.

СНХ: СЫМБАТ ЫБЫРАЕВА, «ӘРЕКЕТ» ТЕАТР СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (АҚКӨЛ ҚАЛАСЫ): Бұл ертегіде балаларға адалдық, достық деген қазір құндылықтарымыз бар ғой. Ұмыт болып бара жатқан. Адалдық, досыңды сатпау, қай кезде болса да қолдау, қорғау деген сияқты. Сондай оймен, оснджай мағынамен біз осы спектакльді алып келдік. Көбінесе телефонға кіріп кеткен балаларымыз мына өмірден, сахнадан тірідей көргенде олардың қабылдауы да басқаша болады. Театр деген өзі өте құдыретті орын ғой. Сол ошақтан балаларымыз кішкене болса да өзіне ой түйіп қайтса екен деген мақсатта осы спектакльді алып келдік.

РКС: Өнерпаздарды бағалауға театр әртістері, колледж тәлімгерлері шақыртылған. Олар ересектерден гөрі, балалардың өнеріне баға беру қиынға соғатынын айтуда. Бағалау кезінде өнерпаздардың актерлық шеберлігіне, сахна тіліне, сценографияға, костюм мен гримнің үйлесімділігіне, режиссердің жұмысына назар аударамыз,-дейді.

СНХ: ДМИТРИЙ БРОННИКОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бағалау кезінде ересек театрларды бағалаған сияқты Станиславский жүйесіне мойынұсынамыз. Дегенмен, бұл жерде балалар ұжымы болғандықтан, сәл қиындау. Педагогикалық, психологиялық көзқарасты ескереміз. Балалар да сынды дұрыс қабылдап, әрі қарай дамуларына қажеттісін алады, бірақ сол сынның өзін әдемілеп жеткізе білу маңызды.

РКС: Бұл республикалық байқаудың облыстық кезеңі. Яғни, 16 театр ұжымының арасынан топ жарып, ең үздік деп танылғаны республикалық деңгейде облыс намысын қорғайды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ