ДИКТОР: Мәдениет саласының үздігі, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның ардагері, дәстүрлі әнші Әбсалық Салық 70 жасқа толып отыр. Қырық жылға жуық ғұмырын киелі сахнаға арнап, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосқан жерлесіміз өнер жолына көз жүгіртіп, шығармашылық кеш беруді жоспарлап отыр.

РКС: Әбсалық Салық әйгілі әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті. Алматыда білім алған жас маман шақыртумен Көкше өңіріне келеді. Осылайша, 40 жылға жуық бір жерде табан аудармастан еңбек еткен. Кезінде қара жұмысшылардың алдында да, ел басқарған шенеуніктердің алдында да концерт қойып, гастрольден гастрольге шапқылап жүретінбіз,-дейді өнер ардагері. Өткеніне көз жүгірткен ақсақал бүгінгі күніне ризашылығын білдіреді. Бойынан ер азаматқа тән ұстамдылық пен қарапайымдылықты аңғаруға болады.

СНХ: ӘБСАЛЫҚ САЛЫҚ, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ: Еңбегімді бағалады. Мәдениет саласының үздігін алдым. Бірнеше грамоталар бар. Қазір мінекей мына филармония ұжымы әрқайсымыздың юбилейімізді өткізіп жатыр. Осыған мың да бір шүкіршілік. Ол кісілерге алғысымыз шексіз. Мәдениет саласына.

РКС: Әріптестері бұл кісінің ерекше даусы бір бөлек, адамгершілігі, өнерге деген құрметі бір төбе,-дейді. Әбсалық аға әр концертке, әр гастрольдік сапарға зор жауапкершілікпен қарайды, өнерді жоғары бағалайды және өзгелерден де соны талап етеді,- дейді ізбасарлары.

СНХ: ГҮЛЖАН АХМЕТОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ: Көзі тірі жүрген қазіргі біздің дәстүрлі ән мектебінің жалғастырушысы деп есептеймін Әбекеңді. Қай қай жағынан да алып қарасаңыз ол кісінң әншілік, дәстүрлік керемет даусы. Баритонально-тенорный даусы керемет, әуелетіп әкететін, күшті, қуатты энергетикалық даусы сондай даусы ол кісінің. Сосын өзінің арқасы бар әнші ол кісі. Өнердегі өзін емес, өзіндегі өнерді көрсететін адам бірден бір Әбекең деп есептеймін.

СНХ: МӘРУЗА ТАНАШОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ АРДАГЕРІ: 71-ші жылы Айнакөл деген ансамбль құрылды. Осындай кең дауысты, профессионалды әншілер келгенде, тіпті, біздің ансамбль көркейіп кетті. бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ де айтуға болады. Екі рет Қарақалпақстанға да барып келдік. Айнакөл коллективіменен. 03:09-03:26 Үш өлеңмен шыққан Әбсалығымыз 4-5 өлең айтып, халық жібермей, қол шапалақтап, қошеметтеп, қайта-қайта айтқызып, сондай болатын. Әлі күнге дейін солай халықтың қошеметіне бөленіп жүр деп есептеймін.

РКС: Әбсалық аға 7 маусымда облыстық филармонияның сахнасында 70 жылдық мерейтойына орай «Әнім саған, туған ел» атты шығармашылық кешін беруді жоспарлап отыр. Осы күндері филармония ұжымы түгел сол кешке қызу дайындық үстінде. Әріптестері Әбсалық ағадан үйренеріміз көп десе, мерейтой иесі ізбасарларының, қазіргі жастардың өнеріне тәнті екенін, оларға қашан да тілекші екенін жеткізді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ