ДИКТОР: Сандықтау ауданында биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген ниеселендіруге қатысты 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар кәсіпкерлердің жеке қаржысының, несиелендіру мен гранттардың есебінен 18 жоба да іске қосылмақ. Сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге қатысты да жұмыстар жалғасады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков осылай деді.

РКС: Ауданда сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 250 шақырымға жуық. Бүгінгі күні аудандағы 41 елдімекеннің 32-сі орталықтандырылған тіршілік нәрімен қамтылған.

СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Балкашино, Жыланды ауылдарында су құбырын жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұл жобаға аудандық бюджеттен 16,8 миллион теңге бөлінді. Жаңғыртудың жалпы сомасы 344,8 миллион теңге.

РКС: Жол мәселесі де өзекті. Биыл Новоникольское ауылына кіре беріс жолды орташа жөндеу жұмысы аяқталады. Сандықтау ауылында 4 шақырымдай ауылішілік жол да жөнделіп жатыр. Брифингте әлеуметтік салаға қатысты мәселелер де көтерілді.

СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 783,5 миллион теңгенің ауыспалы екі жобасы биыл жүзеге асырылуда. Каменское және Спасское мектептеріне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысты аяқтау үшін биыл 578,6 миллион теңге бөлінді. "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында Красная поляна ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 100 миллион теңге бөлінді, жалпы құны 422,5 миллион теңге. Бұл жұмыс маусым-шілде айларында аяқталуы тиіс деп жоспарланған.

РКС: Айта кету керек, облыс бойынша ветеринария саласындағы ахуал мәз емес. Аудандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Балкашино ауылында мал қорымының құрылысын салуға жоспар әзірленді,-деп баяндады аудан әкімі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ