ДИКТОР: "Еurasia group Kazakhstan" серіктестігі Көкшетауда ТМД елдері бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын сататын және қызмет көрсететін ең ірі компания. Жылына 150-ден астам техника шығаруға қауқарлы. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов сервистік орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелерді талқылады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: "Eurasia group Kazakhstan" серіктестігінде озық ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін орын және қосалқы бөлшектер қоймасы бар. Кәсіпорында 2 мыңға жуық техника тұр. Сондай-ақ, компания ашылғалы 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.
СНХ: СЕРГЕЙ ГЛОККЕ, "EURASIA GROUP KAZAKHSTAN" СЕРІКТЕСТІГІ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біз 2002 жылдан бастап ресми серіктеспіз. 2004 жылы біз алғашқы қызмет көрсету орталығын аштық. Қазіргі таңда ешбір мемлекетте жоқ экожүйені құрдық. Яғни, біз 3 жылға кепілдік береміз, сағатына шектеу жоқ. Цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етеміз.
РКС: Бүгінгі таңда өңірдің егістік алқаптарының 20 проценті "John Deere" техникасының көмегімен өңделеді. Бір ерекшелігі, жұмыстың тең жартысы адамның араласуынсыз автоматты түрде орындалады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ