ДИКТОР: Белгілі әнші, сазгер, суырып сала ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл. Осыған орай, Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Көкшетауда шығармашылық кеш өткізді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Даусы мұхиттың арғы жағындағы адамзат баласына жетпесе де, Біржан сал Алаш даласын өзінің әнімен тербете білді. Бала кезінен елге танымал әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналды. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтерді. Бүгінгі таңда Біржан сал Қожағұлұлының ұрпақтары оның өнерін жалғастырмаса да, өскелең ұрпаққа әншінің шығармашылығын барынша дәріптеп жүр.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, БІРЖАН САЛДЫҢ ҰРПАҒЫ: Осы Біржан сал бабамыздың 190 жылдығы жыл басынан жақсы-жақсы шаралармен аталып өтіп жатыр. Әлі де іс-шаралар жалғасады деп ойлаймыз. Біржан сал өзінің әндеріменен қазақтың тарихында мәңгілік қалды. Біржан салдың әндері ол қазақ өнерінің керемет бір жақсы туындылары. Сондықтан, Біржан сал бабамыздың өлеңдерін жастарға осындай іс-шаралар арқылы насихаттауымыз керек.
РКС: Көкше халқы дәстүрлі әнді сағынған. Оған дәлел домбырасын қолға алған дәстүрлі әншілерден қолқалап ән сұрағандары. Жиналған көрерменнің қошеметі зор болды. Тіпті, жергілікті дәстүрлі әншілеріміз келген әріптестеріне оң баға берді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Көптен халық сусындап осы өзіміздің қазақтың әндерін ести алмай, әбден сағынып қалған екен. Керемет, жақсы кеш болды. Өзіміздің ортамызда шыққан жақсы, жақсы атақты әншілеріміз келіп, көңілімізді көтерді. Сондай тамаша әсер алдық. Біржан сал бабамыздың 190 жылдығына арналған кеш өте тамаша өтті. Өйткені, осы әндерді есту керек еді халық. Бәрінің құлақ құршы қанғандай.
РКС: Жиналған көрермен қауымның ыстық ықыласын сезінген Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы риза.
СНХ: ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Степняк қаласына Біржан сал бабамыздың жатқан жері деп, осы атамыздың 190 жылдығына орай арнайы концерт бердік. Ол жерде де концертіміз өте жоғары деңгейде өтті. Келген елдің ыстық ықыласына бөленіп, алғысын арқалап, мынау әннің туы тігілген Көкшенің өз басына келдік қой. Қалада да елдің ықыласына бөленіп, халықтың қолдауын арқалап, шабыттанып, қос-қостан шығарма орындап, бір мерейі тасып, көңіліміз жадырады шынын айтқанда. Концертке келген ағайынға бізде разымыз.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚҰМАРБЕК ҚАЛҚАТАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Келген көрермендер өзімнің көрермендерім. Сағынып қалған екен. Сол менде сағынып, біраз шерімізді тарқатып сахна да Біржан бабамыздың әнін айтып жатырмыз. Халқымыз барда өнер өлмейді.
РКС: Кез-келген тарихи тұлғаның қадір-қасиеті көпір мен мақтау сөзбен емес оның жасаған ісімен, еліне, адамзатқа сіңірген еңбегімен бағаланады. Түптің түбінде таразыға еңбек тартылады. Ал, Біржан салдың еңбегі оның қалтықсыз адал, таза, асқақ, терең мазмұнды өлеңдері. Халық жадында бабамыздың әндері өшпек емес...
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ