ДИКТОР: Ермек Бекенұлы Нұғыман Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы кеңестің кезектен тыс пленумында қаралды.

РКС: Пленум бір минуттық үнсіздіктен басталды. Осылайша, жиналғандар өмірден озған замандастарына құрмет көрсетті. Одан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын тағайындау рәсімі өтті. Бұл орынға Ермек Нұғыманның кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жылы сөз айтып жатқан бауырларыма, ағаларыма алғыс айтамын. Шынында да, көз алдарыңызда өстік. Сіздермен бірге қызмет ісиедік, барлықтарыңызбен де осы жерде отырған. Сондықтан енді осы жүктеліп отырған жүкті бірге көтеріп, әрмән қарай алға қойған мақсаттарды бірге шешеміз деп ойлаймын. Сенімдеріңізге рахмет!

РКС: «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақытқожа Ізмұхамбетов ардагерлер кеңесінің әр мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктелгенін, жастардың ақсақалдарға қарап бой түзейтінін атап өтті. «Біз ел Президенті мен Үкіметтің тапсырмаларын орындау жолында аянбай еңбек етуіміз керек»,-деген ол әріптесіне сәттілік тіледі.

СНХ: БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Елді басқарған, орта көрген азаматтармен, адамдармен сөйлесе білетін адамдардың ардагерлерді басқарғаны өте дұрыс өйткені, ардагерлер деген күні кеше ел басқарған, өндіріс басқарған, үлкен жұмыстардың басында болған ұстаз, дәрігер, заң қызметкерлері. Сондықтан, осындай беделі бар азаматтың, әріптесімнің басқа аймақтағы ардагерлерге басшы болып оытрғанына мен өте қуаныштымын. Тағы да қайталап айтамын. Абыройлы қызмет болсын!

РКС: Отырыс барысында ардагерлер кеңесі пленумының, мандаттық және есептік комиссияның жаңа мүшелері таныстырылып, тағайындалды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов үкімет ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану жолында ардагерлердің де, әкімдердің де рөлдерінің маңызды екендігін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда, терезе мүмкіндіктері ашық. Өте қолайлы өзгерістер керек. Терең өзгерістер керек. Бүгінгі таңда Президенттің қойып отырған талаптары мен халықтың сұранысы сай келіп жатқан кезең. Сол кезде екі жақтан да жақсы бастамалар болған кезде мына реформалар тез өседі. Бүгінгі таңда біз айтып отырмыз 3,7 триллионды 7 триллионға жеткізуіміз керек.

РКС: Пленум соңында облыс әкімі республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовке Сағадат Нұрмағамбетовтың кітабын тарту етті. Ал, облыстық ардагерлер кеңесінің бірнеше мүшесіне Бақтықожа Ізмұхамбетовтың және Марат Ахметжановтың Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.

ИНТЕРШУМ:

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ