ДИКТОР: Әдетте маусым айының алғашқы күндері өңірде егіс жұмыстары толық аяқталатын. Биыл диқандар жауын шашын мен ылғалдың көптігінен уақытылы аяқтай алмай отыр. Бурабай ауданының аграрийлері егістік алқаптың әзір 47 процентіне ғана дән сіңіріп үлгерді. Шаруалар биыл егін пісіп үлгере ме деп алаңдаулы.

РКС: Бурабай ауданында биыл 175 мың гектар жерге дән сіңіру көзделген. Оның 131 мың гектарына бұршақты дақыл, 96 мың гектарға бидай, 27 мың гектар алқапқа майлы дақылдар өсіру жоспарланған. Ауданда көктемгі дала жұмыстары мамырдың ортасына қарай басталған. Бірақ егістік алқаптың әлі жартысына ғана дән сіңірілген.

СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылда проблема ол жаңбыр. Жауын шашын мөлшері Бурабай ауданы бойынша 80 миллиметрді құрайды, ол нормадан 235 пайыздан жоғары. норма 34 миллиметр болуы керек. 03.30 Қазір техника тоқтап тұр, бір тәулікте 10 мл мөлшерінде жауын жауды. Бұл жауын шашын тоқтағаннан кейін әр шауашылық өз жерлерін біледі ғой. Ең бірінші қай жер бірінші кебеді сол жерлерге себе береді. Барлық жердің кепкенін күтіп тұрмайды. Қазіргі күні шаруашылықтар тез арада егіс жұмыстарын бітіруді көздейді.

РКС: Златополье ауылындағы "Бурабай-2007" серіктестігі биыл 27 мың гектарға дән сіңіруді көздеген. Оның ішінде 15500 гектары бидай, 1мың 1 жүз гектардан аса шемішке, одан басқа зығыр, арпа мен судан шөбін егу жоспарланды.

СНХ: ӘСЕЛ АҒЗАМОВА, «БУРАБАЙ-2007» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АГРОНОМЫ: Биыл жалпы алқаптың 45 процентін ектік. Жауын шашын көп, 3,5 есе ылғал артығымен түсті. Өткен жылдары мамыр айларында орташа мөлшерде 35 миллиметр жауын түскен. Биыл 115 миллиметр жауды. 10 күн бойы жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр. Сол кезде техника тоқтады. Осыдан бірер күн бұрын күн ашылғанда жердің кебуін бір күн күтіп жұмысты жалғастырдық. Одан кейін жауын тағы басталды. Толық көлемде жұмыс істеу әзір мүмкін болмай тұр.

РКС: Диқандар дала жұмыстарын тым болмағанда 10 маусымға дейін толық аяқтасақ деп үміттеніп отыр. Әйтпесе биыл егіннің піспей қалу қаупі бар.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ