ДИКТОР: Облыс аумағында су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлердің орнына жаңа баспана салынады. Бұланды ауданында 117 үй тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстары Иванковка мен Капитоновка ауылдарында басталады. Журавлевка мен Вознесенкада жер телімдері дайындалып жатыр. Құрылыс мерзімі 15 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Су тасқынынан бүлінген мүліктері үшін де аудан тұрғындары тиісті қаражатты алады.

РКС: Бұланды ауданында өткен кеңесте облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде жаңа тұрғын үй салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басты мақсат су тасқынының қайталануына жол бермеу. Мамандардың айтуынша, көптеген қираған үйлерді 17 жылдан бері үнемі су басып келген.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Үйлер салынып, пәтер кілті иелеріне берілгеннен кейін ескі үйлер сүріліп, жер телімдері алынады. Себебі ол қалып қойса, біреу келіп қоныстануы мүмкін. Болмаса біреуге сатылып кетуі мүмкін. Үй сол қалпы су тасқынының аймағында болады. Үй қайта қалпына келтірілмейді. Жер телімдерінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат етілмейді. Олар ауыл әкімдігінің қорына беріледі.

РКС: 300-ге жуық бұландылық 100 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде бірреттік әлеуметтік жәрдемақы алды. Бүлінген жеке мүлік үшін тұрғындарға 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы тиесілі. Мамандар шығын мөлшерін бағалауды аяқтады. 200-ден астам оң шешім шығарылды. Ендігі арада өтемақыны күтіп отыр. Тұрғын үй қорына келсек, қажет үйдің тең жартысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен салынбақ.

СНХ: МАРАТ ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сараптаманың уақыты 15 күндей уақытта алады. Маусымның 15-20-сы кезінде қолымызға сараптаманың қорытындысы аламыз. Содан соң «Қазақстан халқына» қорымен үшжақты келісім-шарт жасаймыз. Біз, яғни тапсырыс беруші, мердігер мен төлем төлеуші. Барлық жобаның құны шамамен 1,4 миллиард теңге.

РКС: Баспана құрылысының барысын бақылау үшін жуық арада жұмыс орнында бейнекөрсетілім құрылғысы орнатылады. Вознесенка мен Журавлевка ауылдарында салынуға тиісті 60 үй бағалау құжаттамасының кешігуіне байланысты мемлекеттік бағдарламаға кірмей қалған. Аталған елдімекендер бойынша құрылысты бастау үшін аймақ басшылығы қаржы көзін іздестіруде.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Журавлевка мен Вознесенка ауылдарында 16 үй салу үшін жер телімін дайындауды бастау қажет. Демеушілер табамыз, қазір келссөздер жүргізіп жатырмыз. Екі нұсқаны қарастырудамыз, не қаржыландырылады, немесе өздері салып береді. Жуыр арада бұл мәселені шешеміз.

РКС: Аймақ басшысы селолық округ әкімдіктеріне жаңа үйлерге қажетті барлық инженерлік желіні уақытылы тартудың қажеттілігін ескертті. Тасқын судан баспаналар ғана бүлінген жоқ. Аудан жолдарын күтіп ұстау үшін 620 миллион теңге бөлінген. Өңірде төтенше жағдай кезеңі аяқталған жоқ, мердігерлерден қатаң сұрау болуы қажет,-деп атап өтті аймақ басшысы. Ол ең алдымен тұрғын үй құрылысына қатысты. Олар белгіленген мерзімде жұмысты сапалы аяқтаулары қажет. Оның орындалуын бақылау жауапты ведомствоға жүктелген. Мердігерлерге тағы бір ұсыныс айтылды. Жұмысқа мейлінше жергілікті кадрды тарту.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.