ДИКТОР: Елімізге танымал «Айман мен Шолпан», «Аңшы бала», «Көзіме қара», «Жаңғақ ағаш» туындыларының режиссері, Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін еншілеген Ерлан Нұрмұхамбетов Бурабай баурайында орналасқан IQanat мектебінде ауыл балалары туралы сериал түсіруді бастады.

РКС: Оқиға желісі қала мектебіне оқуға келгеннен кейінгі өмірі күрт өзгерген ауыл баласы жайында өрбиді. Сериалдың басты кейіпкерін Астана қаласындағы «Шабыт» ұлттық өнер университетінің студенті Саят Атабай сомдайды.

СНХ: САЯТ АТАБАЙ, «IQANAT OFF-LINE» СЕРИАЛЫНЫҢ БАСТЫ КЕЙІПКЕРІ: Персонажым Айбол деген бала. Жаңағы 15-16 жасар 10 сынып оқушысы. Рөлім жайлы айтатын болсам өте қызық роль. Өзінің мамандығын таппай жүрген бала, әр мамандықты бір көреді. Жаңа нәрселерді бастап көреді. Сонысымен маған қызықты.

СНХ:АНАСТАСИЯ КОМАРОВА, «IQANAT OFF-LINE» СЕРИАЛЫНЫҢ КЕЙІПКЕРІ: Мен Милананың рөлін ойнаймын. Сылқым қыз деп айтсам болады. Әртүрлі әдемі заттарды таққанды ұнатады. Ерекшеленгенді жақсы көреді. Мен де өмірде сондаймын. Бірінші күннен рольге қатты сіңіп кеттім. Ешқандай қиындықтар болған жоқ. Сериалға 14 актер түсіп жатыр. 1 сыныптың оқушылары болып ойнаймыз.

РКС: Сериалдың түсірілімі осыдан бір ай бұрын басталып кеткен. Жобаның құны 125 миллион теңге. Комедия жанрында түсіріліп жатқан туынды 5 бөлімнен, 16 сериядан тұрады. Сериалдың бас продюсері Ернар Құрмашев IQanat жобасының қамқоршысы болып табылады.

СНХ: ЕРНАР ҚҰРМАШЕВ, «IQANAT OFF-LINE» СЕРИАЛЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ: Біз сериалдың 4 бөлімін түсіріп қойдық. Бесінші бөлімі Айқанат мектебінде түсіріледі. Төрінші бөлімде жазғы лагерьде демалып жатқан бала туралы және оның арманы жайлы айтылады. Ал бесінші бөлімде ауылдың баласы қаланың керемет мектебінде қалай білім алып жатқаны, Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының біріне түсуге тамаша мүмкіндік алуы туралы және өзінің армандаған мамандығын тауып тұлға ретінде қалыптасуы туралы көрсетіледі.

РКС: Аталмыш сериалдың түсіріліміне IQanat мектебінің 200-ден астам оқушыcы қатысты. Бұл жоба жас актерлердің алғашқы толық метражды туындысы. Түсірілім жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғасып жатыр. Ал жеткіншектер сериалдың түсіріліміне қызу кірісіп кеткен. Сериал қыркүйек айында көрермен назарына жол тартады деген жоспар бар. Айта кетейік, IQanat - ауыл балаларына білім беруге арналған ауқымды жоба. 1 мыңнан астам оқушы іріктеліп алынған. Көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан балаларға басымдық берілген.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ