ДИКТОР: Аршалы ауданының Сарыоба станциясында жүк құрамасы цистерналарының бірінен тұз қышқылы төгілді. Ақмола облысы мен Астана қалалық төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жедел әрекет етті. Дәл қазір адамдардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. Тұз қышқылы төгілген жер газсыздандырылды. Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Сарыоба станциясында жүк цистернасында диаметрі бір жарым сантиметрдей жарықшақ пайда болып, тұз қышқылы төгілді. Апатты контейнер елдімекеннен 1 шақырымдай қауіпсіз жерге апарылды. Жақын маңдағы шаруа қожалығының 3 жұмысшысы эвакуацияланды. Жүк тасымалдаушылар цистернадағы сұйықтықты басқаға қайта құю кезінде, тағы да төгілген. Оның Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, тоқтатты.
СНХ: ОЛЖАС СӘДУАҚАСОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Аршалы кентіндегі өрт бөлімінің қызметкерлері оқиға орын алған жерді газсыздандырды. Сонымен бірге санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандары ауаның ластануының нормасын тексеру үшін сынама алды. Қайта құю жұмыстары бүгін толығымен аяқталды. Теміржол цистернасы Астана қаласына жөнелтілді. Адам өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.