ДИКТОР: 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы көпбалалалы отбасылардың бүлдіршіндеріне сурет байқауын ұйымдастырды. Балғындар "Әлем-балалардың көзімен" атты шығармашылық іс шарада түрлі тақырыпта сурет салып, жеңімпаздар анықталды. "Әлем балалар көзімен" байқауында жас таланттар түрлі тақырыпта сурет салды. 1,2,3 орын иегерлерімен бірге түрлі номинациялар бойынша да балалар сый сияпатқа ие болды. Шығармашылық іс шараға арнайы келген балалардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Барлығы да ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлыққа ие болды. Сурет байқауынан соң психолог бүлдіршіндермен ойын түрінде тренинг өткізді.
СНХ: АЙЖАН БАЙЖҰМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Біз бұл іс-шараны көпбалалы отбасының балаларын қолдау мақсатында ұймдастырып отырмыз. Мысалы мен өзім де көпбалалы анамын. 4 балам бар. Мен аналарды түсінемін, балалардың әрқайсына жеке көңіл бөлу керек. Материалды тұрғыдан да қолдау керекпіз. Дарынсыз бала болмайды,әр бүлдіршіннің бойында талант бар. Осындай іс шаралар арқылы балаларды қолдағымыз келді.