ДИКТОР: Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шортанды ауданының аграршыларымен кездесті. Сондай-ақ министр өңірдегі көктемгі егіс науқанының барысын бағамдап, «Айям-7» серіктестігінің дала жұмыстарымен танысты.

РКС: Серіктестік Шортанды ауданының жетекші агроқұрылымдарының бірі. Қазір шаруа қожалығындағы дала жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Егістік алқабы 24 мың гектар. Айта кетейік Ақмола облысындағы көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін үкіметтен 400 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлінді. Биыл 5,3 миллион гектарға дәнді-дақыл сіңірілмек. Бүгінгі күнге дейін оның 1,6 миллион гектары еңсерілді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз қамқорлықты еріккеннен беріп жатқан жоқпыз ғой. Сіздердің жағдайларыңыз жақсы болса, ауыл тұрғындарының да жағдайы жақсарады.

РКС: Сонымен қатар, министр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертханасының жұмысымен де танысты. Мұнда селекция нәтижесінде алынған дақылдың 100-ден астам түрі бар.

СНХ: ТИМУР САВИН, БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2022 жылы жаздық жұмсақ бидайдың «Таймас» атты жаңа сұрыпы кірді. Ол мемлекеттік тізілімге енгізілді. Қазір оны көбейтуді қолға алып жатырмыз.

РКС:«Таймас» бидайы «Eritrospermum» сұрыпының орташа маусымдық түрі. Мамандардың айтуынша, жаңа сұрып құрғақшылыққа төзімді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сапар соңында Министр Айдарбек Сапаров жергілікті аграршылармен кездесті. Онда бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Министр әрқайсысына жеке тоқталып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

СНХ:АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 5 жылдың ішінде ұлғайтуға тапсырма берген болатын. Бірінші статистиканы дұрыстау керек. Ол үшін біраз жұмыстар жасалды облыс әкімшіліктерімен, шаруашылықтармен. Біріншіден тұқымды айтатын болсақ. 98 пайыз тұқым бар. 2 пайыз жетпейтін шаруашылықтар бар. Оны корпорация арқылы алуға жағдай жасап қойдық. Ол жерде 4 мың тонна тұқым тұрАл енді Элита аламыз деген шаруашылықтар болатын болса, 20 мыңнан артық ондай да тұқым бізде тұр. Оны алуға болады. Бұл тұқым мәселесі. Екінші, жаңағы жағар-жанармай 376 мың тонна берілді.

РКС: Айта кетейік, бөлінген жанар-жағар майдың литрі республика бойынша 250 теңгеден келеді. Оның бағасы нарықтағыдан 15 процентке арзан. Бұдан бөлек, көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға алғаш рет 580 миллиард теңгеге дейін займдық қаржы бөлініп отыр. Ол қаражат «Кең дала», «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы және форвардтық сатып алу бағдарламасымен Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы алуға болады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ