ДИКТОР: Донор болу – өзге жанға екінші өмір сыйлаумен тең. Бір тәулікте мыңдаған адам қан құйдыруға мұқтаж. Дүниежүзілік донорлар күні қарсаңында облыстық қан тапсыру орталығында қайырылымдылық акциясы өтті. Игі шараға 80-ге жуық ерікті қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Таңертеңнен орталық қан тапсырушыларға лық толы. Ерікті түрде қан тапсырушылардың қатарында волонтерлер, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, әскери қызметкерлер бар.

СНХ: ЕРБОЛАТ ӘШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Бұл шара жақсы дәстүрге айналды деп айтуға болады. Осы орайда қала тұрғындарын, облыс халқын осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Қан тапсыру арқылы бірнеше адамның өмірін құтқарып қалуға болатынына сенімдіміз.

РКС: Қан тапсыру орталығы бір күнде 30 донорға дейін қабылдайды. Бұл қан компоненттерінің қорын сақтау үшін қажет. Айта кету керек, жыл басынан бері орталыққа 5 мыңға жуық адам қан тапсырған.

СНХ: НАДЕЖДА БАРХАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТРАНСФУЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Бүгінгі таңда донорлар үлкен сұранысқа ие. Донорлық бұл өзекті мәселе. Оны әсіресе жастар арасында насихаттау керек. Еліміздің өзге азаматтары да бұл істен қалыс қалмаса екен деймін. Бүгінгі акцияға қатысқандарға алғысымды білдіремін. Олар көмекке келуге қашан да дайын. Донор күнін ұйымдастыруға көмектескен де дәл осы белсенділер.

РКС: Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың қатарында Нұрсұлтан Алдаберген де бар. Оның айтуынша, олар тұрақты түрде қан тапсырып жүр.

СНХ: НҰРСҰЛТАН АЛДАБЕРГЕН, САРБАЗ: Служить етіп жатқаныма 1 жылдай уақыт болды. Үйге қайтайын деп жатырмын жақында. Осында тұрақты келіп, қан тапсырып тұрамыз. Бәрі жақсы. Әскери қызметте жүрген соң қан тапсыру маңызды. Халыққа көмектесу, біреудің өмірін құтқарып қалу жағынан.

РКС: Донор болу әр адамға бұйыра бермейді. Өзгенің өмірін ұзартып, басқаға бақыт сыйлау азаматтық парыз. Абыройлы міндет.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ