ДИКТОР: «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Кездесуде алдағы уақыттағы екі жақты ынтымақтастың маңызды бағыттары талқыланып, білім берудің жаңартылған озық әдістерін қолдану және тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы сөз қозғалды.

ИНТЕРШУМ: РКС: Осыдан 20 жыл бұрын құрылған «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық қозғалысы еліміздегі орта арнаулы және жоғары оқу орындарындабілім алып жатқан студенттердің құқығы мен мүддесін қорғайды. Сонымен бірге тәлімгерлердің зияткерлік, рухани, шығармашылық әлеуетін тиімді іске асыруға қолдау көрсетеді. Бүгінде бұл ұйымның құрамында еліміздің 100-ден астам оқу орнының өкілі бар. Сонымен қатар, ұйым мектеп оқушыларымен де тығыз байланыс орнатқан.

СНХ: ҰЛАН НАУКЕН, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мектеп бітірушілер 9,10,11 сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша жұмыс жасалып жатыр. Оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіпорындармен кездемсіп, қандай жұмыстарға тұрғызуға болады деген сияқты жұмыстар жүргізіледі. Одан бөлек мобильный приложения шықты. Қандай гранттар бар екенін көруге болады. ҰБТ қатысты жұмыстар жасалады.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Өзінің елін, өзінің Отанын сүйсін. Отанға қызмет істесін. Сосын біз екінші әрқашан айтамыз, осы тек қана дұрыс адам болып, дұрыс тәрбиеленсеңдер, сонда ғана дұрыс маман аласыңдар.

РКС: Студенттер альянсының жергілікті өкілдігінде 80-нен астам студент пен мектеп оқушылары бар. Олар волонтерлік қызметпен, түрлі іс-шара ұйымдастырумен айналысады. Айта кетейік, студенттер альянсы білім алушылардың оқуымен қатар тұратын жеріне де барып, мән-жайды бақылайды.

СНХ: АҚБОТА МҰХАМЕТБЕКОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қазіргі уақытта біз студенттердің жатақханасын тексерумен айналысып жатырмыз. Сондай-ақ студент студентті жақсы түсінеді демекші олармен психалогиялық болсын, жай ғана қолдау болсын қандай да бір мәселелерін шешуді басты орынға қойып отырмыз. Басшылықпен біріге отыра студенттердің жағдайын жасауға ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатар.

РКС: 2018 және 2019 жылдар қатарынан Студенттер альянсының облыстық филиалы «Үздік жобалар» номинациясын жеңіп алды. Олар жыл сайын түрлі республикалық жарыстарда бой көрсетуде. Еліміздің өміріне белсенді араласып жүрген жастардың қатары жыл сайын артып келеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ