ДИКТОР: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық йінді ауруханасының аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Медицина қызметкерлері аурухана маңайын күн сайын таза ұстауға тырысады.

РКС: «Таза бейсенбі» акциясы ұдайы медицина қызметкерлеріне арналған даңқ аллеясында өткізіліп келеді. Игі шараға мекеменің барлық қызметкері қатысады. Олар қаланың экологиясының қалыптасуына белсенді атсалысуда.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Медицина қызметкерлері күні қарсаңында қызметкерлерге арналған саябаққа жалпы ұжыммен шығып тазалық жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Тазалық жұмыстары, абаттандыру жұмыстары. Саябақта көптеген тарихи тұлғалар бар. Өңірлік, аумақтық медицинаға орасан зор үлесін қосқан біздің әріптестіріміз, дәрігерлер сондықтан осы саябақты тазалап, абаттандыру бастапқы мақсатымыз. Денсаулық қызметкерлеріне ашық аспан, зор денсаулық, үлкен жетістіктер болсын. Осындай игі қызметіңіздің қызығын көре беріңіз.