ДИКТОР: Экономика, өнеркәсіп пен туризм. Зеренді ауданы қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Жылдың басында ауданда бюджет қаражатының 1,3 млрд. теңгесі игерілген. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы бағыты аймақ өндірісінің негізі. 3,6 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. 1,5 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді. Ал құрылыс жұмыстарына 235 млн. теңге жұмсалды.

РКС: Зеренді ауданының халқы 34 мыңнан асады. Биыл әлеуметтік салаға 1,4 млрд. теңге бөлінген. Аймақта мектепке дейінгі 49 мекеме, 60 мектеп бар. 500-ге жуық бала тасымалданып оқытылады. Ауыл шаруашылығы саласына келсек, жалпы ішкі өнім 6,3 млрд. теңгеге жеткен.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауыл шаруашылығы жерлері 484 мың гектарды құрайды. Оның 328 мыңы егістік, 143-і жайылым жер. Сондай-ақ, жемшөп өндірісі бар. Мал шаруашылығының жалпы саны 0,4 пайызға ұлғайған. Тірі салмақтағы ет өндірісі 4,7 процент, сүт өндірісі 5,2 процентке, ал жұмыртқа өндірісі 8,1 процентке артты. Жалпы, 4 067 тонна ет өндірілді.

РКС: Ауданда жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінген. 2 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Туризм саласын дамыту үшін Зеренді көлінде 650 млн. теңгенің нысандарын жүзеге асыруға қатысты 3 жобасы дайын.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауданда 40 туристік нысан бар. 12-сі жыл бойы жұмыс істейді. 2023 жылы 37 мыңнан астам турист келген. Сондй-ақ, жыл сайын балалар лагерінде 4 мыңға жуық бала демалады. Жыл сайын туризмді дамыту үшін жағдай жасаймыз. Биыл бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланған. Атап айтсақ, "Парус" балалар лагерінің аумағында спорт кешенін салу, Көкшетау-Атбасар тас жолында көлік жуу және дүкені бар сервисін салу. Сонымен қатар, «Зеренді Парк» аумағында ашық бассейн салу жоспарланған.

РКС: Зеренді ауданында атаулы әлеуметтік көмекті 46 отбасы алады. Айта кетейік, ауданды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету аясында Сәкен Сейфуллин мен Бірлестік ауылдарында биыл 2 жоба іске асырылмақ. Оған бюджеттен 822 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке ауданнан 19 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті.

САМАЛ ЫСҚАҚОВАҒ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.