ДИКТОР: 7 мыңдай халқы бар Қорғалжын ауданының бюджеті 2 миллиард теңгеден сәл асады. Биыл негізгі капиталға 207 миллион теңгеден астам инвестиция құйылды. Қорғалжын ауданының шаруалары 164 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақыл сіңірмекші. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің өңір экономикасына қосқан үлесі артып келеді. Оң нәтижемен қатар, өзекті мәселелер де жетіп артылады. Соның бірі жайылымдық жер тапшылығы.

STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Ауданда 400 мың гектарға жуық жайылымдық жер бар. Қорғалжын ауданы бойынша 18 елдімекеннің шекарасы бекітіліп, бұл жұмыс толығымен аяқталды. Мал жаю үшін қосымша жер берілді.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бізде негізгі мақсатымыз – жердін пайдаланылуы мен қорғалуы және жердің тиімді пайдаланылуын бақылау қатал жүргізілуде. Біз арнайы құзырлы орган жер ресурстары басқару басқармасымен жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, дұрыс пайдаланбаған немесе иессіз қалған жерлерді үкіметтік есебіне қайтарылып, жайылым жерлерді ауыл округтеріне, халықтың жайылымына қосылып берілді.

STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Биыл әлеуметтік және инженерлік шараларды жүзеге асыру қолға алынып отыр. "Ауыл - ел бесігі" жобасының шеңберінде ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымға республикалық қазынадан 1 жобаға 425 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қорғалжын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бүгінгі күнге дейін соның 127 миллион теңгеден астамы игерілді. Өнеркәсіп, шағын және орта бизнес саласында да оң динамика байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің аудан экономикасына қосқан үлесі артып келеді. Ауданда 680 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Өңір шаруалары 164 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақыл сіңіру жұмысын бастап кетті. 33 миллион теңгеден астам сомаға 2 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. 2 серіктестік "Азық-түлік корпорациясынан" астықты форвардтық сатып алу тетігі арқылы 55 млн. теңгенің несиесін алды.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Ауыл аманаты» аясында 2023 жылы Қорғалжын ауданы бойынша «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 21 өтінімді қабылдады, оның ішінде 13 өтінім несие алды. Қорғалжын ауданында «Agro Olimp Logistic» серіктестігі сүт өнімдерін өңдеу бойынша инвестициялық жобасы басталады. Бүгінгі таңда құрылыс аяқталып, аталған жоба бойынша несиелік өтінім мақұлданды. Жоспар бойныша сүт өнімдерінің 32 түрі шығарылады. Өндірістің қуаттылығы тәулігіне 3-тен 5 тоннаға дейін.

STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Құрылыс саласына келсек, жыл соңына дейін 2 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қорғалжын, Жантеке, Шалқар, Өркендеу ауылдарының бірнеше көшесін жарықпен қамту мәселесі жүзеге асырылуда. Жоба құны 151 миллион теңгеден астам. Бұл жұмысты аяқтау алдағы екі жылға жоспарланған. Арықты ауылындағы бір көшеге жарық өткізуге қатысты жобалық-сметалық құжаттамасы бірнеше жыл тоқтап қалып, оған былтыр қайта түзету енгізілген. Бүгінгі күні бұл жұмысты жүргізетін жеңімпаз анықталды. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 180-ге жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алуда. 36 орындық аудандық аурухана мен күндізгі емдеу бөлімі жұмыс істеп тұр. Сабынды ауылында 1 дәрігерлік емхана бар. Аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу үшін 194 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл жұмыс екінші тоқсанда басталады. Кадрларды даярлауға да ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі уақытта 2 түлек аудандық бюджет есебінен медициналық университетте білім алып жатыр. Келер жылы олар оқуын тәмамдап, елге оралады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ