ДИКТОР: Табиғатты қорғау, аялау әр азаматтың міндеті. Үлкен, кіші қоршаған айналасын таза ұстап, құрмет тұтуы қажет. Дәл осындай ұранмен бүгін республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қопа көлінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстары өтті.

РКС: Сенбілікке «AMANAT» партиясының облыстық филиалы, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері белсене атсалысты. Игі шара барысында олар Қопа көлінің жағалауын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, ескі жапырақтардан тазартты.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Акция аясында облыс аумағында осындай сенбіліктер ұйымдастырылуда. Экологиялық акцияны ұжайы өткізіп тұрамыз. Осындай шара арқылы жергілікті тұрғындарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеуді көздейміз.

РКС: «Таза Like» акциясы әр апта сайын бейсенбі күні өтеді. Бұл жолғы игі шараға 20-дан аса адам қатысты. Олардың бәрі табиғатқа жанашырлық танытып, қамқорлық жасау қажет деп есептейді.

 СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Әдемі көліміз бар Қопа деген. Осы біздің табиғатымыз Алла берген соны тазалықта ұстауға мәжбүрміз. Сондықтан, қала тұрғындарын, қонақтарын осындай әдемі жерімізді ұқыптап ұстайық. Бұл біздің ортақ үйіміз.

РКС: Алдағы уақытта дәл осындай акциялар қаланың өзге де аумақтарында ұйымдастырылады. Су тасқынынан зардап шеккен қаланың шағын аудандары мен ауылдарды қалпына келтіруге атсалысып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілмек.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ