ДИКТОР: Жаз келіп қалды. Көктемде топан сумен алысқан халықтың ендігі тілсіз жауы - өрт. Дала және орман өрті пайда бола қалса төтенше жағдай қызметкерлері жылдам, әрі жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Бұл үшін алдын ала дайындалу өте маңызды. Сол себепті, Сандықтау ауданында "Өрт-2024" облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Сонымен қатар, Төтенше жағдай қызметкерлеріне су жаңа 10 техниканың кілті табысталды. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мұндай шара жыл сайын өтеді. "Өрт-2024" облыстық оқу-жаттығу жиынында құтқарушы техникалардан бөлек "Қазавиаорман қорғау" және "Қазавиақұтқару" тікұшақтарының дайындығы да тексерілді.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Менің артымда тұрған МИ-8 тікұшағы. Ол 3 мың тонна суды бірден көкке көтеріп алып, себелей алады. Бұл техника өңірдегі орман және дала өртінің алдын алуына үлкен септігін тигізбек.

СНХ: ДУМАН ДӘЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Оқу-жаттығудың негізгі мақсатына жеттік. Облыс басшылары және төтенше жағдайлар министрлігі оң баға беріп отыр. Қазіргі уақытта біз алгоритм кестесіне сәйкес 1 гектарға 2 техника, 12 адам жұмылдырамыз. 3 гектарға біз 3 техника, 24 адам жұмылдырамыз. Қазіргі уақытта 3 гектардан бастап бір тікұшақ жұмылдырылады. 10 гектардан асатын болса онда 2 тікұшақ жұмылдырылады.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Төтенше жағдай қызметкерлерінің алдында бірнеше гектар жерге жайылған өрттің алдын-алу тапсырмасы тұр. 15 минутқа созылған өрт сөндіру жұмыстарына 350-ден астам адам мен 100 техника жұмылдырылды. Олар су жұмсау, адамдарды құтқару, топырақ шашу тәсілдерін аса шылдамдықпен орындады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚАЙЫРЖАН НҰРЖАҚСИН, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Ең қиыны таулы жерлерде сөндіру ол өйткені биікке біздің техникаларымыз бара алмайды. Қарапайым өрт сөндірушілер ранецті арқасына артып алады 20 литрлік сумен. Соынмен 2 километр биікке дейін көтеріліп, қолмен сөндіреді. Су біткеннен кейін қайтадан түседі, қайтадан көтеріледі. Қанша қиындықты көрсе де біздің өрт сөндірушелір өртті сөндірмей орындарынан кетпейді. Міне жаңа техникалар алып жатырмыз біздің облыс әкімінің арқасында. Өрттерде бұл техникалардың көп көмегі тиеді.

РКС: Оқу-жаттығудан кейін аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауқымды жиын өткізді. Оған басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өрттерді дер кезінде анықтамаудың арты ұлкен өртке алып келуі әбден мүмкін. Бұл аумақтық орман шаруашылығы инспекциясы мен төтенше жағдай қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар олардың қарауындағы аумаққа жауапты тұлғаларды да бақылауды талап етеді.

РКС: Дерек бойынша өңірде былтыр 100-ден астам орман және дала өрті тіркелген. Бұл жолғы "Өрт-2024" оқу-жаттығу жиыны құтқарушылардың алдына қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігін тағы бңр мәрте дәлелдеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ