ДИКТОР: Жыл сайын наурыздың 22-сі басталатын «Парктер шеруі» республикалық акциясы аяқталды. Табиғатты қорғау акциясына Көкшетау қаласының 20-дан астам мектебі атсалысты. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау мен Ақмола облысы Зеренді ауданының оқушылары да қатысты. Олар тақырыпқа сай сурет салып, шығарма жазып, қолдан түрлі бұйымдар жасаған.

РКС: 2 мыңнан астам оқушы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесе табиғатты қоқыстан тазалады. Ағаш көшетін отырғызып, құстарға ұя жасаған. Экологиялық маңызға ие акция ұйымдастырушылары белсенді қатысқан мектеп оқушыларын марапаттады

СНХ: ТАЛҒАТ МҰХАМАДИЕВ, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көп бала қатысып жатыр. Ол бізді қуантады. Экологиялық проблемаларға көңіл бөліп, назарын аударып балаларымыз көптеген әндер, суреттер, подделкалар әкелді. Бәрі де әдемі. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрдік. Сол себепті біз оларға дайындаған сыйлықтарымыз бен мақтау қағаздарымыз бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Облыс орталығының 9 мектебі үздік атанды. Ал 50-ден астам мектеп оқушысы «Ең үздік сурет», «Үздік қолөнер», «Үздік шығарма», «Үздік өлең», «Үздік рилз» номинациялары бойынша марапатталды.

СНХ: АМИРА БҮРКІТ, «ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен Әл-Фараби атындағы ІТ мектебінің оқушысымын. Табиғатты қорғау «Парктер шеруінің» сайысындағы 1 орын иегерімін. Көкшетаудың табиғаты өте әдемі. Біз оны қорғауымыз керек. Мен өз суретімде табиғат ананы салдым. Бір жағы қоқыс, ал бір жағы жасыл шөппен жайнаған табиғат.

РКС: Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Акция барысында 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылып, ұлттық парк аясында құстарға арналған 300-дей ұя жасалды. Табиғатты қатты қалдықтардан тазарту жұмыстары әлі де жалғаса бермек.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ