ДИКТОР: Біржан сал аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінде спорттың 13 түрінен секциялар жұмыс істейді. Спортшыларға өз ісін жетік білетін жоғарғы білімді 24 жаттықтырушы дәріс береді.

РКС: Степняк сияқты шағын шаһарда 2 спорт кешені бар. Оның бірі балалар мен жасөспірімдер мектебіне тиесілі. Осыдан 2 жыл бұрын заманауи «Жеңіс» спорт кешені есігін айқара ашты. Спорт ғимаратында ойын, бокс залы, бассейн және туристік құзға өрмелеу қабырғасы бар.

СНХ: АСХАТ НҮРКЕЕВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биылғы оқу жылында спорт мектебінде 600-ге жуық өрен жаттығады. Бірнеше ауылдық округте филиал жұмыс істейді. Жыл озған сайын спорттық жетістіктеріміз еселеп артып келеді. Ауыр атлетика, тоғыз құмалақ, қазақ күресі, бокс және президенттік көпсайыстан облыс құрамасының сапында шәкірттеріміз өнер көрсетіп жүр. Үстіміздегі жылы 4 оқушымыз Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленді.

ИНТЕРШУМ:

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бассейн ашылғалы суда жүзу спорты дамып келеді.

СНХ: ҚАМИДОЛЛА АҚЫШЕВ, БАПКЕР: Менің қарамағымда 15 бала жаттығады. Әзірге ешқандай жарысқа қатысқан жоқпыз. Алда талай жарыс күтіп тұр. Аудан әкімі қажетті жабдық сатып алу үшін қаражат бөлді.

РКС: Біз болған күні аудан орталығындағы «Жеңіс» спорт кешенінде баскетбол, суға жүзу, туристік құзға өрмелеу секциялары жұмыс істеп жатты. Күнде кешкілік жергілікті жастар мен ересек тұрғындар да осы ғимаратта жаттығады.

СНХ: ЖАРАСБАЙ СМАҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Жеңіс» спорт кешені ашылғалы тұрғындардың қуанышы шексіз. Олар жұмыстан соң осындағы бассеинде жүзеді. Спорт залда волейбол, баскетбол, футбол ойнайды. Осы жерде әртүрлі облыстық жарыстар өтеді. оны да қызықтап жанкүйер боламыз.

РКС: Біржан сал ауданында балалар спортынан басталған үрдіс үлкен спортқа бет бұрыс жасауда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ