ДИКТОР: Көктем шығысымен жұртшылықтың табиғат аясында демалуы көбейеді. Көп ретте сақтық шараларына мән бермейді. Демалыстың соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқтыруы мүмкін. Кене энцефалиті жұқпалы ауруының таралу қаупі жоғары эпидемиологиялық маусым басталғалы 120-дан астам адамды кене шаққан. Зардап шеккендердің басым көпшілігі ересектер.
РКС: Өңірдің курорты аймақтары Зеренді мен Бурабай аудандарында туристер мен демалушылардың саны күрт өседі. Көктем мезгілінде кене де көбейеді. Сондықтан дәл осы кезеңде кене энцефалиті ауруын жұқтыру қаупі де жоғарылайды. Бүгінде бұл қауіпті аймақтар жауапты мамандардың жіті бақылауында.
СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2 жағдай кене энцефалитіне күдікті жағдай болды. 1 жағдай Бурабай ауданының тұрғындарының арасында, бір жағдай Зеренді ауданы тұрғындарының арасында. Алайда олар лабараториялық зертханалық тексерістер арқылы расталған жоқ. Айта кететін болсам, 2010 жылдан бері Сандықтау ауданы кене энцефалиті жағдайы бойынша эпидемиялық аймаққа жатқызылды. Кене энцефалиті жедел түрде және созылмалы түрде өтеді. Оның алдын алу шараларының бірі -екпе. Екпемен қамтылатын мамандардың бірі орман шаруашылығындағы жұмысшылар.
РКС: Кененің таралу белсенділігі маусым және тамыз айларында көбірек байқалады. Қазірдің өзінде облыстық көпсалалы ауруханасы дәрігерлерінің көмегіне 30-ға жуық адам жүгінген.
СНХ: ӘБДІРӘШИТ НИЯЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Емханаға амбулаторлық түрде 21 күн көлемінде түгел инфекционистің және травматологтің қабылдауында болу керек. Ол кісілер дене қызуын 21 күн бойы қарау керек. Дәрігер ретінде айтарым, қазір арнайы спрейлер бар. Оны киімге шашып, орманға барғанда да аяқтан бастап дұрыс қарап, асқынулар болмас үшін қадағалап жүру керек.
РКС: Асқынған дерттің белгісі вирус қанға жеткен кезде байқалады. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі. Адам қалтырап, бойын әлсіздік билейді. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін өңір дәрігерлері қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге кеңес береді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ