ДИКТОР: Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында өңірдің дамуы туралы есеп берді. Брифингте журналистер Щучинск қаласында асырап алған баласын өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған резонансты оқиға туралы сұрады. Сонымен қатар аудан аумағындағы сапасыз жолдар, ауыз су, сақалды құрылыстар, екі бірдей коммуналдық кәсіпорындарда орын алған ұжымдық даулар туралы сұрақтар қойды.

РКС: Брифингте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдаған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сұрақ жауап кезеңіне келгенде бірден биыл сәуір айында анықталған жан түршігерлік қылмыс туралы сұрады. Оқиға осыдан 4 жыл бұрын болған. Асырап алған екі жасар баланың өлгенін ешкім білмеген. Оның денесі жеке үйдің ауласынан табылған.

СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл факті бойынша қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық білім бөлімі мамандарының маған берген ақпаратына сүйеніп айтсам, қамқоршылық бөлімінің мамандары ол үйге барған. Мен қазір ешкімді кінәлай алмаймын. Бұл резонансты жағдайда ескеретін жай ауруханаға түскен бала, өзін таныстырғанда өлген баланың аты жөнін айтқан. Қамқоршылық бөлімінің мамандарына да өзін солай таныстырған.

РКС: Журналистер аудан басшысынан коммуналдық мекемелерде болған ұжымдық даулар туралы да сұрады.

СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай су арнасы туралы айтар болсам 2022 жылдың желтоқсанында су арнасы жетекшісін ауыстыру туралы әкімшіліктің қаулысы шыққан. Бұған дейін бұл кәсіпорын әкімшілік қарамағында болды. Ол қаулыда бұл мекеме енді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қарайтыны көрсетілген.Сол себепті су арнасы басшысы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім шартқа отыруы керек еді. Екі рет ұсыныс жасалды, оны ешкім жұмыстан шығарған жоқ. Ол өзі бас тартты, еңбек заңнамасына орай біз онымен келісім шартты бұздық.

РКС: Аудан әкімі Арай Садықовтың айтуынша "Бурабай тазалық" кәсіпорнының басшысы денсаулығына байланысты өзін жұмыстан босатуын сұрап, бірнеше рет өтініш жасаған. Кейін оған ескерту қағазын бергенде, коммуналдық мекеме басшысы келісім шартты маусым айына дейін қайта созуын сұраған. Бірақ жылу маусымына дайындық жұмыстарына байланысты келісім шарт тоқтатылды дейді. Брифингте көктемгі дала жұмыстары да сөз болды. Биыл аудан аумағында 175 мың гектардан аса алқапқа дәнді-дақыл сіңірілмек. Шаруалар тұқыммен толық қамтылған. Егін егу үшін 3 шаруашылыққа 1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілген.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ