ДИКТОР: Көкшетауда спорт және еңбек ардагері Жаслан Елубаевты еске алуға арналған кезекті турнир өтті. Үш жылдан бері жерлесіміздің есімін ұлықтау мақсатында шағын футболдан жарыс ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Сайыс қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткізіледі. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді және бұл жолы турнирге 18 команда қатысты.

ИНТЕРШУМ: ойын барысы

РКС: Дәстүрге айналған шараға Жасұлан Елубаевтың туған туысқандары мен жора-жолдастары келді. Аталмыш турнир – дене шынықтыру пәні мұғалімін, спорт ардагерін еске алуға бағытталған, - дейді әріптестері мен ізбасарлары.

СНХ: ДИНАРА ЕЛУБАЕВА, ЖАСҰЛАН ЕЛУБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ: Жарыс қатысушыларының барлығына зор алғыс білдіремін. Әкеміздің есімін ұмыттырмай, осындай ауқымды шара ұйымдастырып жатқан жерлестерімізге де мың алғыс. Әкем спортты өте қатты жақсы көрді және ізбасарларының да оның еңбегін, спортқа деген махаббатын бағалайтыны қуантады.

РКС: Жасұлан Елубаев саналы ғұмырын бала тәрбиесіне, оларды салауатты өмір салтына тартуға арнаған. Мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып 35 жыл еңбек еткен. 8 жыл директорлық қызметте болған. Енді оның бастаған әр ісін жас мамандар жалғастыруда.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚАБЫЛДИН, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Осы 17 мектепте жұмыс атқарамын Жаслан Махметұлымен 3 жылдан артық қызмет атқардық. Ол кісі өзі спортқа жанын беретін кісі болған. Бәрі ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз.

РКС: Турнир жеңімпаздары кубокпен марапатталды. Бірінші орынды қалалық №1 мектеп-гимназиясы иеленсе, Краснояр орта мектебі екінші, ал Көкшетаудағы №17-гимназиясының мұғалімдері үшінші саптан көрінді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ