ДИКТОР: Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп түлектері ағаш отырғызу челленджіне қатысты. Шараға Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының оқушылары да белсенді атсалысты.

РКС: М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 11-ші сынып оқушылары оқу ордасының ауласына ағаш отырғызуға кіріп кетті. Қанат қаққалы отырған түлектердің бірі - Диас Ақылбай. Ол отырғызған талдардың қатары жыл сайын түлектер егетін көшеттермен толығып, бұл жер үлкен баққа айналады деген сенімде.

СНХ: ДИАС АҚЫЛБАЙ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл челлендж түлектер үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл 9-11-ші сынып оқушыларының ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүр. Біз тек қана артымыздан көшеттерді отырғызып қана қоймай, ауаны тазартуға да көп үлес қосып жатырмыз деген ойдамын. Бұл керемет мүмкіндік. Жақсы әсерде болдым. Себебі, бұл жерде 11 жыл оқып, өзімнің ізімді қалдырып кетемін. Яғни, бұл өскелең ұрпаққа да үлгі тұтар нәрсе деп ойлаймын.

РКС: М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназияның өзіндік бір дәстүрі бар. Ол «Түлектер аллеясы». Мұнда жыл сайын мектеп бітірушілер ағаш отырғызады екен. Маңызы зор шараны түлектер асыға күтеді, - дейді мектеп директоры.

СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Түлектердің ағаш отырғызу челленджі өтті. Оған 3 сынып түлектері қатысты. Былтыр да осыднай акция өткен еді. Бұл акцияны түлектеріміз жылда күтеді. Мақсаты – экологялық тәрбие, мектепке деген құрмет, тағзым. Келешек ұрпаққа өздерінің үлгілерін көрсетеді.

РКС: Айта кетейік, биыл М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясын 56-тен астам түлек тәмәмдайды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ