ДИКТОР: Бурабай ауданында "Таза Қазақстан" жалпы республикалық жоба шеңберінде "Мөлдір бұлақ" акциясы өтті. Оған 3 мыңнан аса адам қатысты.

РКС: «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық жобасы елімізде 6 сәуірде басталып, бір айдан аса уақыт бойы жалғасып келеді. Жоба шеңберінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» және «Өнегелі ұрпақ» акциялары өткізілді. «Мөлдір бұлақ» деп аталған қорытынды акция шеңберінде Бурабайдағы көлдердің маңындағы қоқыстарды шығару ұйымдастырылды.

СНХ: ОЛЕСЯ БАИМОВА, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" атты республикалық экологиялық акция басталған болатын. Бұл іс-шарадан Бурабай ауданы да қалыс қалған жоқ. Аудан тұрғындары өздері тұратын аулалаларды ғана емес, қоғамдық орындарды да жинауға атсалысты. Енді көлдің маңын қоқыстан тазартуға қолұшын беріп жатырмыз.

РКС: Шараның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру. Бұл қоршаған ортаны құрметтеу құндылығын насихаттайды. Акцияға еріктілер, жұмыс топтары мен тұрғындар қатысты.

СНХ: ЮЛИЯ МЕРИНОВА, БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл акцияға Оқжетпес мектебінің оқушылары қатысып жатырмыз. Қоқыстарды жинап, балаларға тазалық мәдениетін көрсетудеміз. Біз демалушылардан тазалықты сақтауды және демалыстан кейін қоқысты жинап кетуді еске саламыз.

РКС: "Таза Қазақстан" жобасының шеңберінде тұрғындар ел экологиясын сақтауға күш салуда. Акция шеңберінде 70 тоннадан аса қоқыс шығарылып, 500-ден аса ескерткіш маңы тазартылған. Сондай-ақ облыс бойынша 16 мың көшет отырғызылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ