ДИКТОР: Мамырдың 6-нан Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтінімдер қабылдау басталды. Төтенше жағдай режимі жарияланған аймақтар үшін тіркеу 20-на дейін ұзартылған. Ақмола облысында тестілеудің өзі 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өткізіледі. Емтихан форматы өзгеріссіз қалады. Яғни, түлектерге 4 сағат уақыт беріледі, ең жоғары ұпай 140. Оқушылар 3 міндетті және 2 пәндік тест тапсырады.

РКС: Ұлттық бірыңғай тестілеу - мектеп пен колледж түлектеріне арналған жоғары оқу орнына түсудің бір жолы. Емтихан жылына бес рет өткізіледі. Жаз мезгілінде негізгі ҰБТ-ның екі кезеңі өтеді. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік грант беріледі. Өтінімдерді қабылдау басталды.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жалпы ҰБТ-ға тіркелу барысы қалай жүреді? Бұл біздің орталықтың сайт арқылы жүретін болады. app.testcenter.kz сайт арқылы. Немесе «Ұлттық тестілеу орталығы» қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл ретте, тест тапсырушылар өзіннің қалау бойынша тестілеу пунктың, тапсыратын жерін, және уақытын өз еріктерімен таңдайды.

РКС: Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 2024 жылы барлық түлектерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және ең үздік нәтижемен гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік берілді. Әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, тест тапсырғаннан кейін түлектер түсінбеген тақырыптарды қайта қайталауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, келесі тестілеуге дейін дайындықты күшейте алады.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сонымен қатар, сайтымызда онлайн байқау сынақтары жарияланған. Тегін немеме ақылы түрде. Және де білім беру орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырылғантегін онлайн сабақтар жалғасуда. Ал оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика»пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

РКС: Облыста 5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырмақ. Жастардың академиялық адалдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында металл іздегіштер мен бейнебақылау қолданылады. Тестілеу аяқталғаннан кейін бейнажазбалар қазанның 31-не дейін талданады. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу анықталған жағдайда нәтижелер жоққа шығарылады. Қажет болған жағдайда, түлектер 30 минут ішінде апелляцияға өтінім бере алады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.