ДИКТОР: Қосшы қаласындағы «IL TOV» серіктестігі елімізде құс етінен жартылай дайын өнімдерді шағаратын бірегей кәсіпорын. Жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барған облыс әкімі Марат Ахметжанов серіктестікке оң баға берді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Зауыт өз жұмысын бірнеше ай бұрын бастаған. Бүгінде жартылай дайын өнімдер еліміздің ірі қалаларына жеткізіліп отыр. Алдағы уақытта, Өзбекстан мен Ресей елдеріне экспортталмақ. Жаңа кәсіпорында Германия және Испания елдерінің жабдықтары қойылған. «IL TOV» серіктестігі алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейтуді көздеп отыр.

СНХ: СӘНИЯ ОМАРОВА, «IL TOV» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта жылдық қуаттылық 3 мыңнан астам тоннаны құрап отыр. Алдағы уақытта кеңейіп, жылдық қуаттылықты 10-12 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта инвестиция көлемі 3,5 млрд теңге.

РКС:Жалпы, зауытта 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Ал, серіктестікке ет Макинск құс фабрикасынан жеткізіледі. Тіпті, дәмдеуіштердің өзі отандық өнім. Зауыт аймақтың өңделген өнім үлесін арттыруға, тамақ өнеркәсібін дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік туғызып отыр.

 ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ