ДИКТОР: 23-сәуір – әлем әдебиетінің символикалық датасы. 1996 жылдан бастап Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтіледі. Бұл шешім 1995-ші жылдың 15-ші қарашасында ЮНЕСКО-ның 28-ші сессиясында қабылданған болатын. Осы күнге орай тақырыптық шаралар, кітап көрмелері мен фестивальдар ұйымдастырылады. Бастамадан Қазақстан да шет қалмайды. Әрине, мемлекеттік саясаттың басым бағыты қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту болып табылады. Жуырда өткен Ұлттық Құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін құру туралы ойды қолдаған болатын.

РКС: Қазақстанда кітапқұмар ұлтты тәрбиелеу мен кітапханаларға қолдау білдіру мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте, тұрғындардың, әсіресе, жастардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін жоғарылату маңызды. Осындай мақсатпен 2019 жылы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде жаңа кітапхана ашылған болатын. Оның базасында «Парасат» кітап клубы жұмыс істейді. Оған Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры жетекшілік етеді.

СНХ: МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ ЖАНЫНДАҒЫ «ПАРАСАТ» КІТАП КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Парасат» кітап клубы Ақан сері атындағы колледж қабырғасында ашылғаннан 3 жылдай уақыт болды. Бұл менің өзімнің бастамамен, идеямен ашылған. Бұл кітап клубы ашылудың басты мақсат – жастарды кітап оқуға, жалпы білім дамыту, өзіміздің ұлттық әдебиеттегі негізгі шығармалармен танытуға болатын. Бұл колледж басшылығанан бір жақсы қолдаумен, осы күнге дейін балаларға септігін тиді. Осы кітап оқуға құштарлыққа ат салысып жатырмыз. Бұл кітап клубында кітап оқытын жастар өте көп.

РКС: Колледж студенттерінің көбі өнер мамандықтары бойынша білім алады. Жаңа кітаптарды оқу арқылы олар бойларындағы дарынды нығайта түседі. Кітапхана меңгерушісі Салтанат Смакова студенттерге қажетті кітаптарын табуға көмектеседі. Бұдан бөлек, кітаптарды іріктеу үшін «РАБИС» автоматтандырылған кітапхана жүйесін қолдануға болады. «Парасат» кітап клубының аясында әр оқырманға жағдай жасалған. Студенттер өзіне керектіні таңдап алып оқи алады.

СНХ: ЖАНСАЯ ЖҰМАБЕКОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы, бізде осы өнер жолына келгеннен кейін, 1-ші курстан бастап «Парасат» клубы бізде ашылды. Мен осында Манарбек ағаймен таныстым, кітаптар оқуды бастадық. Соңғы оқыған шығармалардың бірі – Төлен Әбдікұлдың «Оң қол» шығармасы. Мен өзімнің замандастарыма міндетті түрде осы шығарманы оқып көруге қенес беремін. Егер де кітапқа келмеген жағдай да болса, осы шығармамен бастауға болады. Ол сіздердің кітапқа деген құштарлығыңызды ашады деген сенемін өйткені өте қызықты.

РКС: Коллеждж кітапханасында компьютерлік зал да бар. Оқудан бос уақытта студенттер интернетке кіре алады. Жалпы, облыстағы оқу ордалары «Оқуға құштар колледж» атты әдеби-мәдени жобаға да белсене қатысады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ