ДИКТОР: Егіндікөл аудандық мәдениет үйінің "Шабыт" би ұжымының жоғары тобы Астана қаласында өткен "Бала шабыты" халықаралық шығармашылық байқауына қатысып қайтты. Би сайысынан Теміртау, Қарағанды, Семей, Рудный қалаларынан және Елорданың бірнеше би тобы қатысып, бақтарын сынады. Егіндікөл ауданының өнер ұжымы "Халық биі" бағытында екі қойылым орындады. "Аманат" заманауи биі 1-ші орынды еншіледі. "Әлқисса" қазақ биі бас жүлдеге ие болды. Би ұжымының жетекшісі Әсемгүл Қуанышева мен қатысушылар сайыстың арнайы медалімен, Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен бірге сайыстың кубогын де еншілеп қайтты.

ИНТЕРШУМ: