ДИКТОР: Көкшетауда қазақ күресінен "Көкшетау Барысы" турнирі өтті. Бұл "Ақмола Барысына" іріктеу жарысы. Көкшетау барысына 12 балуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.

РКС: Жігіттер мықты дайындықпен келген. Барлығы жеңістен үмітті. Әрқайсысының өз айла-тәсілі бар. Палуандар тізелерін кілемге тигізбеуі керек. Тек түрегелген қалыпта боз кілемде күресуі қажет.

СНХ: АРДАҚ МӘДИМҰХАМЕДОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: 12 спортшы жеребе тартты. 1 орын алған балуан «Көкшетау Барысы» белдеуіне ие болады.

РКС: Турнир қорытындысы бойынша Әсет Жүнісов "Көкшетау Барысы" атанды. 2 орынды Леонид Станеев еншіледі. Қол жүлде Жанболат Дартаевқа бұйырды. Айта кетейік, Әсет қатарынан екі мәрте Ақмола Барысының күміс жүлдегері атанған.

СНХ: ӘСЕТ ЖҮНІСОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Қазақ күресінен спорт шеберімін. Осы спорт түрінен Ақмола облысы құрамасының мүшесі болып табыламын. 3 жекпе-жек өткізіп, 3-нде де жеңіске жеттім. Соның арқасында финалға өттім. Жалпы, қазақ күресімен айналысқаныма 12 жыл болды.

РКС: «Ақмола Барысы» турнирі мамырдың 5-і өтеді. Облыстық деңгейдегі додаға Әсет Жүнісов пен Леонид Станеев өтті. Енді олардың «Қазақстан Барысына» жолдама алуына мүмкіндік зор.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ