ДИКТОР: Облыста «Worldskills Aqmola-2024" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі аяқталды. Оған қатысқандар болашақ жұмысшы мамандар. Үздіктер республикалық пен халықаралық деңгейде бақтарын сынамақ.

РКС: Елімізде «WorldSkills чемпионаты» 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2016 жылдан бері Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжі бұл додада белсенділік танытуда. Қазіргі уақытта оқу орнының студенттері 16 бағыт бойынша жарысуда.

СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізідің студенттер жалпы жетістіктері бар. Ұлттық және халықаралқ деңгейде бар. Құрылыс саласы бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде жақсы көрсеткіштеріміз бар. Енді күзде Франция қаласына халықаралық чемпионатқа қатысуға дайындалып жатырмыз

РКС: Құрылыс-технологиялық колледжінің базасында дода 8 құзыреттілік бойынша өтті. Құрылыс, кескіндеме және сәндік жұмыстар ғана емес, студенттер аспаздық пен мейрамхана қызметі бойынша өз жұмыстарын көрсетті. Енді үздік деп танылған 7 студент облыс намысын республикалық кезеңде қорғайды. Болашақта жүлдегерлер тек сертификаттарымен емес, толықтырылған портфолияларымен мақтана алады.

СНХ: ЫҚЫЛАС ЖҰМАБЕК, ЩУЧИНСК ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен Щучинск қаласындағы Жоғары-техникалық колледжінің студентімін. «Тағам ұйымдастыру» мамандығында, 3-ші курста оқимын. Осы конкурсқа қатысуға өте қуаныштымын. Өз колледжімде ең үздік аспаз боп саналамын. Енді мені облысқа жібереліп жатыр. Бірінші орын аламын, деп үміттенемін. Содан кейін Республика женіп, Францияға барғым келетін үмітім бар.

РКС: Чемпионаттың облыстық кезеңіне Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері де қатысты. Светлана Кукенова доданың әлеуметтік серіктестерінің бірі. Кәсіпорында жұмыс істеп жүрген кезінде қажетті бағдарламалық жасақтаманы игеріп алған. Қазіргі уақытта ол өз білімін болашақ мамандарға беруде. "Цифрлық модельдеу" мамандығының бас сарапшысы. Айта кетейік, байқау барысында студенттер "JULIVI" компьютерлік бағдарламасын пайдаланады.

СНХ: СВЕТЛАНА КУКЕНОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСІ: Қазір енгізіп жатырмыз. Қыздарға дизайн, модельдеу және 3D манекенде жұмыс істеуді үйретеміз. Қазақстан бойынша да, Ресейде, Украинада "JULIVI" бағдарламасында жұмыс істейтін кәсіпорындар бар. Дизайн және модельдеу базасына ие бола отырып, қажетті бағдарламаны зерттеп, цифрлық модельдеуді меңгерген қыздар сауатты бола бастайды. Олардың еңбек нарығындағы сұранысы артып келеді.

РКС: Мұнда ұсынылған 7 құзыреттің 2-еуі бойынша конкурстар өңіраралық болып табылады. Ақмолалықтардан бөлек, Қарағанды және Қостанай облыстарының оқушылары да бақ сынады. «Графикалық дизайн» және «Сән технологиясы» тағы екі мамандық бойынша жеңімпаздар Астанада өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2024» ұлттық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайды.

ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖУРСЫН УМИРЗАК, АЛМАС САДВАКАСОВ, КОКШЕ АКПАРАТ