ДИКТОР: Қыс бойы қала көшелеріндегі жолдардың ой-шұңқыры қармен тапталып қалған еді. Қар ерісімен көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық тудырып отыр. Жолдағы шұңқырлардың кесірінен көлігіміз жиі бұзылады. Сондықтан жауапты сала тезірек ой-шұңқырлы жолдарды тезірек қалыпқа келтірсе деген шағымдарын әлеуметтік желі арқылы жеткізуде. Мәселе қашан шешімін табады? Тілші материалында.

РКС: «Көкшетау-Дорстрой» серіктестігі мердігер компания ретінде жауапты. Жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстарына қазіргі уақытта 8 техника мен 12 адам жұмылдырылып отыр.

СНХ: СЕРГЕЙ ЧЕРНИКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жолдарды жөндеуді қолға ала бастады. Қуаныштымыз. Өйткені, көктем шығысымен қала көшелерінде көлікпен жүру мүмкін болмай қалды. Жұмысшыларға сәттілік!

РКС: Жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстарына конкурс өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Конкурс қорытындысы бойынша ақпан айында «Дорстрой-Көкше» серіктестігімен 125 миллион теңгеге келісім-шарт жасастық. Олар 2 айдың ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.

РКС: Айта кетейік, шаһарда 20 мың текше метрден астам учаскеде шұңқырлы жөндеу жұмысы жүргізіледі деген жоспар бар.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ