ДИКТОР: «Оқжетпес» клубының стадионында футбол атмосферасы қайта сезілінуде. Бірінші лиганың үшінші турында Көкшетау командасы өз алаңында алматылық «Хан тәңірін» қабылдады.
ИНТЕРШУМ: ойыннан үзінді
РКС: Бірінші тайм сәл күрделі өтті. Ойын барысында алматылық құраманың Диас Қалыбаев пен Айбар Айдарбекұлына сары қағаз берілді. «Оқжетпес» футболшысы Нияз Ыдырысов та осындай айып арқалады. Жарысқа көкшетаулық құраманың жанкүйерлері көп келді.
СНХ: НИКОЛАЙ ИВАНОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Өте тартысты ойын. Жігіттер барын салуда, десе де толқу байқалады. Көкшетауда тұрып жатқаныма 33 жыл болса да, стадионның осынша толып тұрғанын бірінші рет көріп тұрмын. 4 мың адам келу деген бұған дейін болған емес. Ойыншылардың алаңдауы сондықтан болар. Екінші таймда жігіттер алға шығады деген ойдамын.
РКС: Бірінші таймда қос құрама гол соға алмады. Екіншісінде ойынның жандануын байқауға болады. Дегенмен мачтың соңына дейін командалар бір-бірінің қақпаларына доп салған жоқ.
СНХ: МЫРЗАХМЕТ ҚАСЕНОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Футболшыларға мықты дайындық жетіспеді. Ойын сәл әлсіз өтті. Алдағы уақытта жақсы ойын көрсетеді деген ойдамын. Стадионның жөнделгенін байқадым, әкімдікке рахмет.
РКС: Матч 0-0 есебімен аяқталды. Келесі турда "Оқжетпес" "SD Family" командасымен кездеседі.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЕРМЕК ЕЛЬБЕРГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ