ДИКТОР: Өкінішке қарай елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл санап артып келеді. Бұл салада дәрігерлер, медицина мамандарының еңбегімен қатар, ғылыми қызметкерлердің де орны ерекше.

РКС: Медицина ғылымының профессоры Нұрбек Игісіннің зерттеулерінің негізгі бағыты Қазақстандағы онкологиялық аурулардың алдын алу. Ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы 475 жариялымның авторы. Әкесі Сағынбек Игісінмен бірге онкология тақырыбын қамтыған бірнеше кітап шығарған.

СНХ: НҰРБЕК ИГІСІН, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: 2023 жылдың қыркүйек айында облыс басшылығының шақыруымен Көкшетау қаласына жұмысқа келдім. Өмір және денсаулық ғылымдары ғылыми-зерттеу институтын басқарған болатынмын. Институттың негізгі мақсаты – осы саламен тікелей айналысатын ғылымдағы көпсалалық және медицина ғылымының дамуы. Біздің университетте жоғары медицина мектебі бар. Ол ең алдымен кадрлық ресурстарды және медициналық қызметкерлерінің тапшылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

РЗК: Нұрбек Игісін Қазақстан университеттеріндегі 50 үздік оқытушының қатарына кіреді. Қазіргі уақытта Шоқан Уәлиханов атындағы университетінің ғылыми жетекшісі және кеңесшісі. Профессордың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі тарапынан ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде 2 жоба жүзеге асырылды. Ол «Қазақстандағы асқазан обырының ауыртпалығын төмендету» және «Ковид-19 пандемиясы кезінде диабеттің даму қаупін бақылау және алдын алу» тақырыптары. Медицина ғылымдары докторының дәрістеріне студенттер аса қызығушылықпен қатысады.

СНХ: АЙЗА НҰҒЫМАНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Оқу орнының профессоры Нұрбек Сағынбекұлы сабақты қызықты, әрі жемісті өткізеді. Сол үшін алғысымды білдіргім келеді. Ол кісі бізге әдістемелерді, өзге де тақырыптарды жан-жақты түсіндіреді. Және өз тәжірбиесімен бөліседі.

РКС: Медицина ғылымдарының докторы халықаралық конференцияларға да белсенді қатысады. Науқастарды емдеудің жаңа әдіс тәсілдерін меңгеруде алдына жан салмайды. Оның жоғары кәсіби шеберлігі тек ғылыми ортада ғана емес, есімі қоғамда да танымал тұлға.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МӘДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ