ДИКТОР: Бүгінгі күні интернет-алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтар арасында кеңінен таралған. Өңірде 2021 жылы облыстық полиция департаментінде киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі құрылды. Күн сайын 5, тіпті одан да көп факті тіркеледі. Адамдардың интернет-алаяқтардың құрығына түсуі толастамай тұр.

РКС: Киберқылмыспен күрес бөліміндегі 4 қызметкер интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстық істерді тергеп-тексерумен айналысады. Жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтықтың 350 фактісі тіркелді. 80 қылмыстық іс ашылды.

СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі шыққан. Онда алаяқтар қоңырау шалып, ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ретінде өзін таныстырады. Әрі қарай, олар жәбірленушілерді абоненттік нөмірді тіркеуді ұзартуға және олардың нөміріне келетін sms-кодты сұратады. Содан кейін жәбірленуші ештеңені білмей, sms-кодты жібере салады. Ал, алаяқтар абоненттік құрылғыда қашықтан болады. Депозиттердегі ақша керекті есепшоттарға түседі. Ақша алдын-ала дайындалған банк карталарына немесе криптовалюта әмияндарына аударылады.

 РКС: Адамдардың есепшотындағы қаржысын иемдену үшін интернет-алаяқтар айла-амалдардың жаңа тәсілдерін ойлап табудан әсте шаршаған емес. Өкінішке орай, ақмолалықтар оларға сенуін тоқтатпаған. Осылайша, облыс орталығының тұрғындарының бірінен алаяқтар айласын асырған.

СНХ: АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған алаяқтар қоңырау шалып, несие алуды өтінді. Бір жарым миллионға несие рәсімдедім. Хоум кредиттен және Халық банкінен. Ақшаны шешіп алдым. Маған айтқан нөмірге жібердім. Осылайша мен алаяқтардың құрбаны болдым. Менің қателігімді басқалары қайталамаса екен деймін.

РКС: Кибер полицейлер қызметінің маңызды бағыттарының бірі интернет-алаяқтықтың алдын алу. Бұл азаматтардың алаяқтық әрекеттерді тануы үшін қолданылатын шара.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ