ДИКТОР: Аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бірақ, қызылша мен көкжөтел сырқатының өсімі байқалады. Жыл басынан бері 700-ден астам адам қызылшамен ауырған. Бұл өткен жылмен салыцстырғанда 47 процентке көп.

РКС: Бір отбасында бірнеше бала ауырған. Астрахан ауданында 8, Бурабайда 7, Көкшетауда 4, Зеренді ауданында 3 жағдайдан тіркелді. Сырқаттанғандардың бәрі қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Сырқатқа шалдыққан 700-ден астам адамның 400-ге жуығы балалар. Олар вакцина алудан бас тартқан.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы ай әлі біткен жоқ. Десе де, сырқаттың біршама төмендегенін байқап отырмыз. Егер наурыз айында 191 жағдай тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 103 шамасында. Қызықлашаға қарсы вакциянацияны және қосымша иммундауды уақытылы жүргізіп отырсақ, жағдайды тұрақтандыруға болады.

РКС: Облыс орталығындағы студенттер арасында қызылшамен сырқаттанудың 6 жағдайы тіркелді. Білім беру ұйымдарында облыс бойынша 28 оқушы қызылша жұқтырды. 24 адам ауруханаға жатқызылды. 40-тан астам пациент амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл көкжөтелмен ауырғандар саны артқан. Былтыр бұл дертпен сырқаттанғандар тіркелмеген еді. Ал биыл 8 адам көктелмен ауырып отыр. Оның дені 14 жасқа дейінгі балалар. 7 баланың бірде біріне ата-анасының бас тартуына байланысты екпе егілмеген. Көкшетауда 4, Бурабай ауданында 3, Астрахан ауданында 1 жағдай тіркелді.

РКС: Көкжөтелмен ауырғандарды арнайы емдеу қарастырылмаған. Профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесі аясында жасушасыз вакцина тегін егіледі. Көкжөтелге қарсы екпе 2, 3, 4 айлық сәбиге салынады. Одан соң 1,5 жасында және бала 6 жасқа келгенде үшінші екпе егілуі тиіс.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ