ДИКТОР: Жеңгетайлықпен айналыспақ болған көкшетаулық қолға түсті. Облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны жезөкшелерге арналған притон ұйымдастыруды көздеген. Бірақ, ісі әшкере бола бастаған соң, арам пиғылын жасыру мақсатында полицейге пара беріп, өзінің притон ұйымдастыру ісіне қатысы бар екенін жоққа шығарғысы келген. Алайда, ойы жүзеге аспай қалды. Полицейге пара беру кезінде қолға түсті. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабы 2-тармағына сәйкес пара беру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабы бойынша жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлыққа қатысты айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

СНХ: ГҮЛНӘР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесі ұсынған ақпаратқа сәйкес ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Пара беру, жеңгетайлықпен айналысуды көздеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.