ДИКТОР: Ақмола облысының медицина қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмысын жалғастыруда. Астрахан ауданына қарасты Жаңа Колутон ауылының 1960 жылы туған тұрғыны жедел жәрдем шақырған. Алайда тасқын судың салдарынан жолды су шайып кетіп, фельдшер діттеген жерге жете алмай қалады. Науқасқа жедел медициналық жәрдем беру қажет болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды. Құтқарушылар моторлы қайықпен науқасты жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Науқас Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында науқасқа қажетті көмек көрсетілді. Қазір ер азамат ем қабылдап жатыр.