ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері сауда орындарында алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады. 2 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді. Сондай-ақ, контрафактілік темекі өнімдерін және бақылау есепке алу құралдарынсыз мұнай өнімдерін сатудың 3 дерегі анықталды. Еске сала кетейік, Қазақстан аумағында тиісті лицензиясы, ілеспе шот-фактуралары жоқ және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімдерді сатуға тыйым салынған.

СНХ: ҚУАНЫШ ТӨРЕҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақаралық басқармалық қызметкерлерінің жыл басынан сауда орындарында алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымынан 20-дан аса фактірлері анықталды. 2 мың литрге жуық алкоголь өнімі заңсыз контрафактілік темекілер және сансыз мұнай өнімдері тәркеленді. Барлық құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463, 283, 281 баптары бойынша әкімшілік материалдар сотқа жолданды, заңсыз өнімдер тәркіленді. Бұл бұзушылық үшін салық төлеушілерге тауарлары тәркіленіп, 50-ден-150 айлық есептік көрсеткішке дейін дейін айыппұл салынады.