ДИКТОР: Атбасар ауданында су деңгейі күрт көтерілсе, Жабай өзеннің бойында орналасқан үйлер су астында қалуы әбден мүмкін. Құтқарушылар мен өңір тұрғындары күн, түн демей тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

ДИКТОР+ВИДЕО: "Күшіміз-бірлікте" деп ұрандатқан атбасарлықтар түнгі уақытта су деңгейін бақылап, қапшықтарға құм салу жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, түнгі кезекшілікте жүрген төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлеріне ыстық тамақ әкелуде.

СНХ: ВЛАДИМИР ГРЕБЕНЮКОВ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИЯЛДЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жабай өзенінің деңгейі қайта көтерілсе, ауданымызды қорғау мақсатында өңірдегі колледж ұжымы, волонтерлер мен мәдениет саласының мамандары түні бойы жұмыс істеп жатыр. Біз ауданымыз үшін аянбай еңбектенуге дайынбыз.