ДИКТОР: Бірқатар жауапсыз кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтеріп жіберген. Бұған себеп – су тасқыны. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері бағаның өсуіне жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырады. Бағаны көтерген жағдайда бизнесмен «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-ші бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ведомство мамандары азаматтарға бағаның негізсіз көтерілу фактілері анықталған жағдайда 50-29-89 телефоны арқылы хабарлай алатындарын ескертеді. Сонымен қатар, «Тұтынушыларды қорғау» бірлестігінің жанынан «Қоғамдық бақылау пункті» құрылған. Ол Қошқарбаев көшесі 61-шы үй мекен-жайында орналасқан.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Тұрғындарды егер тұтынушылардың құқықтары бұзылса, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның өсуі байқалған жағдайда бірден департаментке хабарласуды сұраймыз. Кәсіпкерлер қазіргі жағдайға түсіністікпен қарау қажет. Айта кетейік, қазіргі уақытта бағаның өсуіне қатысты шағымдар түскен жоқ.