ДИКТОР: QUIZ зияткерлік ойыны жастар арасында кеңінен таралған. Ағылшын тілінен аударғанда викторина,сауалнама дегенді білдіреді. Бұл ойын түрі елімізде 2020 жылдан бастап кеңінен өткізілуде. Жастардың білімін мен білігін қалыптастыру мақсатында Көкшетауда «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының қалалық слеті ұйымдастырылды. Аталған шара интеллектуалдық QUIZ-ойыны форматында ұйымдастырылды.
РКС: Аталған ойынға қаланың 9 мектебі қатысты. 7-8 сынып оқушыларынан құралған командасы білімдерін ортаға салды. QUIZ ойыны арқылы оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру -дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Кішкентай кезінен біздің өсіп келе жатқан өскелең буынымыз осы жемқорлыққа қарсы болуы, жемқорлықтың жаман екенін, зұлым екенін көрсету болып табылады. Араларындағы мықтылары жеңеді деп сенеміз.
РКС: 5-кезеңді қамтыған ойынның әрқайсысында 7 сұрақтан қойылды. Әр сұраққа 30 секундтан 1 минутқа дейін ойлануға уақыт берілді. Әр дұрыс жауап үшін командалар 1 ұпайдан алып отырды. Қатысушылар зияткерлік білімдерімен қатар, әділдік, адалдық пен жауапкершілікке қатысты біліктерін де көрсетті.
СНХ: ДИЛЯРА КЕБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгінгі өткізіліп жатқан интеллектуалдық сайысқа келіп отырмыз.Бүгінгі интеллекталдық сайыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Және осы ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келіп тұр.
СНХ: ЖАНЕЛЬ ҚАЙЫРКЕЛДІ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгінгі «Адал ұрпақ» слетінің арқасында интеллекталдық ойынға қатысып отырмыз. Ойынды ұйымдастырушыларға өте көп алғысымды білдіргім келеді.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша №9 орта мектептің «Жас білгірлер» командасы 1 орынды иеленді. Красный Ярдағы №3 мектеп-гимназиясының «Таза ниет» командасы 2 орынға тұрақтаса, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының «Жалын» командасы қола жүлдегер атанды. Барлық қатысушыға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Ал жеңімпаз командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ