ДИКТОР: Ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Көкшетау» Мәдениет Сарайында салтанатты жиын өтті. Аталған шараға мәдениет пен өнер саласының ардагерлері, мәдениет жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты. Нұрсәуле Мұратқызы жеткізсін.
РКС: Сан ғасырлық тарихты, тектілікті, тағфлымды тәрбие мен ұлы мұраны бойына сіңірген мәдениет пен өнер - әр елдің асыл қазынасы. Осы асыл мұраны ардақтап, ұрпаққа өнеге етіп жүрген руханият шырақшыларының еңбегі ұшан-теңіз.Сахнада сыр шертетін күй де, терең ой салатын поэзия да, көркем бейне мен бояу арқылы сөйлейтін сурет те адам жанының рахатқа бөлеп, мөлдір бұлақтан шөл қандырғандай әсерге жетелейді. Осынау айтулы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов аймақ басшысының ыстық лебізі мен шынайы құттықтауын жеткізді.
СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Сіздер аймақтың мәдение-рухани даму жолында халықты жоғарғы өнермен сусындатып, игі дәстүрлерді жалғастыра отырып, оның дамуына үлкен үлес қосып келесіздер.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда өткен жиында мәдениет ұлттың төл құжаты жаһан құртты, елімізді ең алдымен өнерімен танып біледі деген болатын. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сөз бастаған шешендер, ел билеген көсемдер, халқын өрге бастаған зиялы қауым өкілдері.Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, өнерімен әлемдік мәдениетіне алтын қорына қосқан үлесімен танылып бағаланады. Мәдениет, музей және кітапхана қызметкерлеріне барша өнер адамдарына атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін, Ақмола облысы әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың атынан шексіз алғысымды білдіремін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аталған шара барысында облыстың мәдениет және өнер саласына еңбек сіңірген бірқатар қызметкер марапатталды. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік, рухы да мықты болмақ. Ел мәдениеті мен өркениетінің дамуындағы олардың қажырлы еңбегін бағалау, өскелең ұрпаққа үлгі ету игі дәстүрге айналған. Бұл қатарда 50-жылдан астам сәулелі ғұмырын аймақ мәдениетінің өркендеуіне арнаған Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ардагері Мара Есмұханова да бар.
СНХ: МАРА ЕСМҰХАНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Бүгінгі күні «Еңбек ардагері» деген марапатқа ие болып қуанып қуанышымда шек жоқ. Қазақ еліміздің, өнеріміздің халыққа паш ете берсін. Еңбектері жемісті болсын дегім келеді, мереке құтты болсын!
РКС: Мәдениет ата-бабадан қалған асыл мұраны ұрпаққа жеткізуші рухани көпір. Өнер жолы қашан да шабыт пен ізденістің жолы, осы жолда әрдайым алға ұмтыламын- дейді, дәстүрлі әнші Диана Алтайқызы.
СНХ: ДИАНА АЛТАЙҚЫЗЫ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Қазір бір керемет сезімде тұрмын. Себебі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның арнайы Алғыс хатын алып тұрмын. Мен үшін өте ерекше күн болып тұр. Сонымен қатар марапаттың алды деп білемін. Әлі де талай марапат алуға үміттенемін. Бүгінгі мәдениет қызметкерлері күнімен барша мәдениет саласындағы өнерпаздарға, музыканттарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін,ұлттық өнеріміз жасай берсін, қазақ елі жасай берсін. Тек қана жақсылық тілеймін!
РКС: Шарада кәсіби шеберлігімен ерекшеленген өнер майталмандарына деген құрметтің салтанат құрғаны, жиналған халықтың ыстық ықыласы мен ілтипатынан көрініп тұрды. Мәдениет пен өнер - халықтың рухани бұлағы. Өнер бүкіл әлем түсінетін тіл. Себебі, мәдениет және өнер қызметкерлері ұлт жүрегіне сәуле шашатын шырақшы іспеттес. Шара соңында барлық өнер ардагеріне ықылас гүлдері табысталды. Кеш өңір жұлдыздарының концертіне ұласты.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ