ДИКТОР: Бұланды ауданындағы «Даниловское және К» серіктестігінің диқандары биыл 10 мың 500 гектар алқапқа бидай және майлы дақылдардың 8 түрін егеді. Бүгіндері жауапты науқан қызу жүріп жатыр.

РКС: Қуатты себу агрегаттарының алқап басына шыққанына бірнеше күн болды. Жауын-шашынға байланысты жұмыс қарқыны аз-кем тежелгенімен күн көзі шығысымен еңбек көрігі қыза түсті. Бидайдың ерте пісетін сапалы сұрыптары себіліп жатыр.

СНХ: АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, «ДАНИЛОВСКОЕ ЖӘНЕ К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде бидайдың үш сұрыпы бар. Ол – енрте пісетін, салқынға төзімді «Айна» сорты. Ол 1 және 2 дәрекжелі себу дәрежесіне жеткізілді. Сондай-ақ, биыл «Алабұға» дейтін элииталық сортты сатып алдық. Жыл сайын бидай тұқымын жаңартып отырамыз.

РКС: Түске дейін серіктестіктің алыс алқаптарында ондаған себу агрегаты жұмыс істеді. Олар дән себу технологиясын тиімді пайдаланып, сапаға басты назар аударуда.

СНХ: АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, «ДАНИЛОВСКОЕ ЖӘНЕ К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2025 жылғы егіс жұмыстарын ерте бастадық. Бұл – биылғы жылдың ауа райына байланысты жасалғаан шара. Озат технолгоияны пайдаланып, ғылыми жетістіктерді қолданып жактырмыз. Техника, жанар-жағар май қарржжы-қаражат, жұмысшы күші жеткілікті.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Диқандар жоспарланған жұмыссытың жартысын орындап үлгерді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ