ДИКТОР: №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің еркін күрес балуандары сан алуан жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанып жүр.

РКС: Еркін күрестен Әлем чемпионы Қызылтудың қыраны Ризабек Айтмұханның жолын қуып, жалықпай жаттығып жүрген жасөспірімдердің саны соңғы жылдары күрт өсті. Бұл құптарлық және қуанарлық жәйт.

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бүгінгі таңертеңгеліік жаттығуға 6-15 жас аралыңындағы 40-қа жуық жасөспірім келді.

ЕСТ.ШУМ:

РКС: Бірінші санаттағы жаттықтырушы Жанболат Ілиясов балғын балуандардың әр жаттығуын қызықты әрі тартымды өткізеді. Ол шәкірттерінің талантына қарай талап қояды. Соның арқасында соңғы жылдары нөмірі 1-ші облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде еркін күреспен айналысатын ұл-қыздар үздік нәтиже көрсетіп келеді.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ІЛИЯСОВ, БАПКЕР: Мектебіміздің материалдық базасы соңғы жылдары жақсарды. жарысқа жиі барып тұрамыз. соның нәтижесін көріп жүрміз. Еркін күреспен айналысатын шәкірттердің саны еселеп артты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Ардақ Болатұлы Төлендин күрес залына жиі келіп тұрады. Жөндеу жұмыстарына қаржы бөлетінін айтып бір қуантып тастады. біз жалықпай еңбек етіп, осы балалардың арасынан әлемге танымал еркін күрес шеберелерін дайындап шығаруға тиістіміз.

РКС: Таңғы жаттығуда тер төгіп жатқан жасөспірімдер арасында облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз болған балуандар аз емес. Олар бапкер берген тапсырмады тиянақты орындайды.

СНХ: АЙТРАХЫМ АМАНГЕЛДІ, БАЛУАН: Мен Жанболат ағайдың қарамағында бірнеше жыл жаттығып жүрмін. Еркін күрестің небір айла тәсілдерін үйрендім. Жарысқа жиі барып, тәжірбие жинаймыз. Мен 67 келі салмақта күресемін. Бәсекелестерім өте мықты. Сондықтан жаттығуды босатпай шыңдала түсуім керек.

СНХ: МАРСЕЛЬ ОРМАНБАЕВ, БАЛУАН: Мен 46 келі салмақта күресемін. бапкерім Жанболат Ілиясов әр шәкіртімен тереңдетілген бағдарлама бойынша жұмыс істейді. жаттығу залынан шаршап шықсаң боз кілемде жеңіске жетесің деген қағиданы ұстанамыз.

РКС: Жанболат Ілиясов және Дінболат Құсайынов жаттықтыратын 80-ге жуық еркін күрес балуандарын спорттық биікке ұмтылыстары қуантады. Олар жаз айларында да жаттығуды босатпайды. Зеренді мен Бурабай баурайындағы арнайы спорт кешендерінде оқу жаттығу жиынын өткізудің кестесі жасалған.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ