ДИКТОР: Алматыда грек-рим және еркін күрестен есту қабілеті нашар, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер, жастар және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа ақмолалық спортшылар да қатысып, елге жүлделі оралды.

РКС: Ақмолалық спортшылар күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінде үздік атанды. Жалпы есепте 3 алтын, 7 күміс пен 3 қола медаль еншіледі. Жеңімпаздардың бірі Әлішер Әлжанов бала кезінен бастап күреске қызығушылық танытып жүр. Біріншілікте сайыстың бірнеше түрінен үздік деп танылды.

СНХ: ӘЛІШЕР ӘЛЖАНОВ, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Еркін күрестен бірінші орынды, грек-рим күресінен екінші орынды иелендім. Жарысқа жақсы дайындалдым. Қарсыластар мықты болды. 2008 жылдан бастап ол күреспен айналысып келемін. Әкем еркін күреспен айналысқанымды қалады. Спорттың екі түрінен Қазақстан чемпионатын жеңіп алдым.

РКС: Чемпионатта 7 спортшы облыс намысын қорғады. Оның алтауы жеңімпаз атанып қайтты. Спортшылардың тынымсыз дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысының арқасында чемпионатқа қатысқан палуандар осындай жетістікке жетті.

СНХ: НИЯЗБЕК БЕКІШЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Жарыс өте үлкен дәрежеде өтті. Балалар өте дайындалып келген. 13 облыстан қатысты. Балалар бәрі мықты болды. Жарысқа дайындық бізде де, осында дайындалдық. Алдындағы алдын ала жаттықтыру жиынында болдық, Бурабайда Щучинск қаласында өтті. Жұмыс жасап жатырмыз. Балаларымыз өте жақсы. Айтқанды ұғып алады. Тәрбиелері де жақсы.

РКС: Дода қорытындысы бойынша Әлішер Әлжановтан бөлек, Райымбек Аманкелді еркін күрестен алтын, грек-рим күресінен қола медаль еншіледі. Аслан Омаров еркін күрестен бірінші, грек-рим күресінен 2 орынды иеленді. Мұхамеджан Тұрарбек және Никита Штаймец еркін және грек-рим күрестен 2-ші орынға тұрақтады. Рүстем Қамиден еркін және грек-рим күресінен 2-ші және 3-ші орынға ие болды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.