ДИКТОР: Түркі халықтарының басым бөлігі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан аймақтарында қоныстанған. Оның 9 пайызы Қазақстанның оңтүстігіне қоныс тепкен. Ферида Шамилова да сол өңірде өсіп, 11 жыл бұрын Атбасар қаласына көшіп келген.

РКС: Қазір ғалымдардың санағы бойынша Қазақстанда 150 мың түрік этносы тұрады. Солардың бірі еңбек жолын Атбасар қаласы №2 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған Ферида Шамилова.

СНХ: ФЕРИДА ШАМИЛОВА, АТБАСАРДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Оңтүстік өңірдің шырайлы Шымкент қаласының қызымын. Алғашқы мектеп табалдырығын Шым қаладан бастадым. Ол жерде қазақ мектебін бітірдім. 11-ші сыныпты тәмамдағаннан соң қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түстім, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-педагог университетіне. Көпбалалы отбасынан шыққанмын. Әкем Оңтүстік Қазақстан облысының Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Қазіргі таңда өзім Атбасар қаласында 2-ші жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы боламын. Осында тұрып жатқанымызға 11 жыл болды. 2014 жылдан бері жолдасымның жұмыс бабымен қоңыс аударып келгенбіз.

РКС: Ферида Шамилова сабақта заман талабына сай бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді қолданып жүретін тәжірибелі ұстаздың бірі. Сабақтардағы негізгі мақсаты – балалардың қазақ тіліне, қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Ферида сабаққа дайындалу барысында қашан да ізденісте. Балаларды қызықтыратын материал, бейне роликтер тауып, пайдаланады. Әріптестері де Феридаға көмегін аямайды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҰЛБОЛСЫН ЖАКИНА, АТБАСАРДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазіргі таңда Фериданың бар мақсаты оқушылардың білім деңгейін жоғары көтеріп, негізгі танымдық білімін әрі қарай дамыту. Оның алдында қойылған мақсаты өте көп. Ол қазіргі таңда ізденімпаз, білімді, білікті ұстаздардың бірі. Сонымен қатар, мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ол біздің мектебіміздің мақтанышы. Қазіргі таңда ол тек өзінің білімін, тәрбиесін оқушыларға ғана жұмсамай, отбасында үш бала тәрбиелеп отырған ана. Балалардың арасында қарым-қатынасы өте жақсы. Балалармен тіл табыса біледі.

РКС: Қазір елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қазақ жерін шын қадірлейтін, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын жандар аз емес. Азаматтарға үлгі болып жүрген өзге этнос өкілдері арасында шәкірт тәрбиелеп, болашақта мемлекеттік тілді, қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлауға үйретіп отыратын жандар көбеймесе, азаймақ емес.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ