ДИКТОР: Былтыр Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Senat Open» Ашы кубогының аясында 2 мыңнан астам шахмат әуесқойының қатысуымен рапид форматында турнирлер өткен еді. Аталған турнир Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды жарыс. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
РКС: Формат биыл да өзгерген жоқ. Үш кезеңнен тұрады. Ақпанның 21-і мен мамырдың 27-сі аралығында барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда 20 іріктеу турнирі өтті. Ал маусымның 25-і мен тамыздың 9-ы аралығында аймақтық қағидаға сай бөлінген 5 жартылай финалда бақ сынайды. Оңтүстік, Орталық, Солтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарда өтіп жатыр. Ал осы сайыстардан оза шыққандар тамыздың соңында Астанада финалға қатысады.
СНХ: АЛЕКСАНДР БАБЕНКО, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Жартылай финалдық ойынның дәл осы Көкшетауда өткізіліп жатқанына қуаныштымын. Барлық ұйымдастырушыға ризашылығымды білдіргім келеді. Сенат спикері Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың жеке шешімінің нәтижесінде бүгінгі бұл кубок өтіп жатыр. Мереке біз үшін сәтті өтетініне сенімдімін.
РКС: «Солтүстік» аймағына кіретін Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша іріктеу турларының қорытындысы бойынша 140 қатысушы жиналып, үздіктер қатарынан көрінуге атсалысты. Ойын швейцария жүйесі бойынша 9 кезеңнен тұрды және әрбір айналымға 10 мин+5 секунд рапид уақыты берілді. Павлодар облысының намысын қорғап келген Сәдуақас Шаяхметов бұл жарысқа екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Экс-депутат балалық шағынан шахматты жанына серік етіп келеді. Қазір зейнет демалысында. Бос уақытында шахмат ойнағанды жақсы көреді. Спорттың бұл түрі адамның ой-өрісін жетілдіреді,-дейді ол.
СНХ: СӘДУАҚАС ШАЯХМЕТОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: (ПАВЛОДАР): Мен екінші жыл қатысып жатырмын. Өте қуаныштымын. Жалпы бұл бастама өте тамаша бастама. Мынау шахматты бұқаралық түрде кең таратуға өте жақсы әсер етуде. Сондықтан осындай жарыстар жиі өткізілсе деген тілегіміз бар. Павлодар облысынан 39 адам келіп отырмыз осы жарысқа қатысуға. Ал, енді үмітіміз жақсы нәтижелер көрсетіп, облысымыздың өсіріп, келесі Астана қаласында өтетін финалға жолдама алуға тырысатын боламыз. Көкше елі тамаша қарсы алып жатыр. Барлығына көп рахмет.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша үздік деп танылған 38 қатысушы финалдық ойынға жолдама алды. Айта кетейік, шахмат турнирінің соңғы шешуші кезеңі тамыздың 29-да Астана қаласында өтпек. Сонымен қатар турнирге қатысушыларға тек абсолютті есепте ғана емес, арнайы номинация бойынша да марапаттар табысталды. Ұйымдастырушылық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен Ақмола облысының командасы арнайы "Күміс жүлдеге" ие болды. «Senat Open» турнирі мәслихат депутаттарын, қоғам қайраткерлерін және БАҚ өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырған нағыз шахмат марафонына айналды.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ