ДИКТОР: Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, өңірде 10 мемлекеттік және 78 жеке сот орындаушысы қызмет атқарады. Олар борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
РКС: Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, алимент өндіруге қатысты атқарушылық істер аясында 114 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әділет органдары азаматтарды заңнама талаптарын сақтауға және өз міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.
СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атқару өндірісінде 14 мыңға жуық іс тіркелді. Соның 1300-дейі ғана толығымен аяқталған. Қалғаны өндірісте. 7 мыңға жуық іс мерзімді орындау сатысында, ал 4700-дейі бойынша борышкерлер алиментті өз еркімен төлеп келеді. Жалпы сомасы 753 миллион теңгені құрайтын 538 атқарушылық іс проблемалық деп танылып отыр.
РКС: Жеке сот орындаушылардың орындауында мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу бойынша 13 миллиард теңгеден астам сомаға 48 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізілді. 5 миллиард теңгеден астам сомаға 19 мыңға жуық атқарушылық іс жүргізу аяқталды.
СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атқарушылық іс жүргізу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 58 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткерлер саны - 5, оның біреуі аттестатталды. Төртеуі өте алмады. Атқарушылық құжат негізінде өндіріп алушының арызы бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты 53 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
РКС: 1 жартыжылдықта 36 қылмыстық іс тіркелді. Оның 10-ы сотқа жіберілді, 10 борышкер бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді. 2 іс ақтау негіздері бойынша тоқтатылды, 14 іс қаралып жатыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.